90 жастағы Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның Шотландиядағы Балморалда жол таңдамайтын Range Rover көлігінің рөлінде отырған суреттері жұрт назарын аударды. Ол суреттер бірден әлеуметтік желілер арқылы таралып, талай жанның таңданысын тудырды.
Sunday Telegraph-тың хабарына сай, патшайым Кембридж герцогинясымен бірге Лох-Муик көлінің жанына серуендеуге бара жатқан. Ол жерде оларды Уильям ханзада күтіп тұрған екен. Басылымның жазуынша, Кембридж герцогинясының алдыңғы орындықта отырғандығы патшайым екеуінің жақсы қарым-қатынаста екенінен белгі береді.
Дерек көзі: baq.kz