90 жастағы Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның Шотландиядағы Балморалда жол таңдамайтын Range Rover көлігінің рөлінде отырған суреттері жұрт назарын аударды. Ол суреттер бірден әлеуметтік желілер арқылы таралып, талай жанның таңданысын тудырды.
Sunday Telegraph-тың хабарына сай, патшайым Кембридж герцогинясымен бірге Лох-Муик көлінің жанына серуендеуге бара жатқан. Ол жерде оларды Уильям ханзада күтіп тұрған екен. Басылымның жазуынша, Кембридж герцогинясының алдыңғы орындықта отырғандығы патшайым екеуінің жақсы қарым-қатынаста екенінен белгі береді.
Машина капотында Шотландия символы, кішігірім күміс мүсін тұр. Ал патшайым джипының артында тағы бір Range Rover еріп көлігі бара жатқан. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында механик-жүргізуші ретінде дайындықтан өткен II Елизавета рөлде өзі отырғанды ұнатады. Айта кету керек, ол Ұлыбританияда жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат берілген бірден-бір адам.
Дерек көзі: baq.kz