- Негізгі бет
- Әлемтану
- 5 миллион фунт-стерлингке...
5 миллион фунт-стерлингке тең қазына табылды
Ұлыбританиядағы Сомерсет округінен қазына іздейтін жұп Англия тарихындағы ең қымбат ежелгі қазынаның бірін тапты.
Қазына тапқан жолы болғыш жандар – Адам Стейплс пен Лиза Грейс мұндай байлық адам өмірінде бір рет қана кездесетінін айтқан. Жеті ай бұрын табылған күміс теңгелер Лондондағы көне жәдігерлерді сақтайтын музейдің бірінен сараптамадан өткен. Енді олардың құны белгілі болғасын көпке жария етіліп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, 2571 күміс тиын 1066 жылы небары тоғыз ай ғана тақта отырған патша Гарольд II Годвинсонның заманына тиесілі. Демек, құнды жәдігерлердің жасы мың жылға жуық. Мамандар табылған тиындардың әрқайсысының құнын мыңнан бес мың фунтқа дейін бағалаған. Олардың жалпы құны шамамен 5 миллион фунт стерлингке тең.
Егер табылған қазына музей үшін маңызды деп танылса, олар қазынаны тапқан ерлі-зайыптылар мен жер иесіне аталған сумманы төлейді. Егер төлеуден бас тартса, Адам Стейплс пен Лиза Грейс және жер иесі күміс тиындарды бәссаудаға қойып сата алады.
Т. Раушанұлы