- Негізгі бет
- Әлемтану
- 22 сәуір –...
22 сәуір – Дүниежүзілік Жер күні
Дүниежүзілік "Жер күнін" БҰҰ Бас ассамблеясы 2009 жылы ресми түрде белгілеген. 2010 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірі атап өтіп келеді.
Бас Ассамблеяның 63-ші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның айтуынша, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау.
Қарарда "Жер-Ана" термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Бұл мереке алғаш рет 1970 жылы 22 сәуірде АҚШ-та тойланды. Оған 20 миллионнан астам адам қатысты. Ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.
Біртіндеп "Жер күнін" атап өту дәстүрі бүкіл әлемге таралды. Сонымен 1990 жылы бұл мерекеге 141 елден 200 миллионнан астам адам қатысты.
Жыл сайын осы күні бүкіл әлем ғалымдары дөңгелек үстелге жиналып, ғаламдық экологиялық мәселелерді талқылайды. Бұл күні әркім өз аулалары мен көшелерін абаттандыруға және көгалдандыруға қатыса алады.
Солтүстік жарты шарда Жер күні көктемде, ал Оңтүстік жарты шарда күзде атап өтіледі. Бұл жаһандық қозғалыстың басты мақсаты – қоғам мен адамзаттың назарын Жер мен оның қоршаған ортаның проблемаларына аудару, оларға адамзат алдында тұрған қиын мәселелер туралы білуге мүмкіндік беру.
Біздің планетамыздың жасы шамамен 4,5 млрд. Планетадағы ең ыстық мекені Калифорниядағы "Өлім алқабы" және Ливиядағы "Эль-Азизия". Бұл жерлерде +57,8 градусқа дейін ыстық болады. Ал Антарктида Жердің ең суық мекені. 1983 жылы 21 шілдеде Антарктидадағы Восток ғылыми-зерттеу станциясында -89 градус суық ауа райы тіркелген.
Т. Раушанұлы