Әр жылы шамамен 84 миллион адамға көбейіп жатқан әлем жұртының саны 2050 жылға барып 10 миллиардқа, ХХІ ғасыр соңында 11,2 миллиардқа жетуі мүмкін. БҰҰ-ның Халық қоры (UNFPA) мәліметіне қарағанда екі мың жыл бұрын дүниеде 300 миллион, 1600 жылы 600 миллион, 1804 жылы 1 миллиард адам болса, бұл көрсеткіш 1900 жылы 1,5 миллиардқа өсіп, 2011 жылы 7 миллиардқа жеткен. Жаһан жұртының жаппай көбеюі екінші дүниежүзілік соғыстан соң яғни 1950 жылдардан соң басталды. Қазіргі күнде әлем халқының саны 7,7 миллиард. 2050 жылға дейін әлем халқының тең жартысын 9 мемлекет: Үндістан, Нигерия, Конго, Пәкістан, Эфиопия, Танзания, АҚШ, Уганда және Индонезия құрайды. UNFPA мәліметіне қарағанда, 2017-50 жылдар аралығында жер шарындағы адам саны 2,2 миллиардқа көбейеді. Олардың 1,3 миллиарды Африка құрлығынан қосылса, 750 миллионы Азиядан қосылады. 2017-50 жылдар аралығында Кәрі құрлықтың халық саны керісінше азаяды. Болжамдарға қарағанда әлемдегі 51 мемлекеттің халық саны азаяды екен. Оның біршамасы Еуропада орналасқан. 2010-50 жылдары босқындар есебінен АҚШ 1,1 миллион, Канада 214 мың, Англия 174 мың, Испания 170 мың, Германия 110 мың, Франция 100 мыңға көбейеді екен.