2021 жылғы әлемдегі ең бай мемлекеттер: Қазақстан нешінші орында?

Көптеген беделді сарапшылардың пікірінше, бүгінде планетада 196-ға жуық тәуелсіз ел бар. Нақты санын айту қиын, себебі кейбір мемлекеттер халықаралық деңгейде ресми түрде танылмаған. Әлемдегі ең бай ел ЖІӨ-нің жалпы деңгейімен, яғни экономиканың барлық секторларында өндірілетін соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнымен анықталады деген қате пікір.

Иә, экономиканың қуаты мен тұтастай алғанда мемлекеттің тұрақтылығы көбіне ЖІӨ көлеміне байланысты, бірақ бұл әрбір азаматтың жоғары өмір сүру деңгейіне кепілдік бермейді. Мысалы Қытайда 1,4 миллиардтан астам адам тұрады, тіпті маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге қарамастан, жергілікті тұрғындардың жаппай әл-ауқаты туралы айтуға әлі ерте. Сондықтан әлемдегі ең бай ел деген сұраққа жауап бергенде жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні есепке алу әдетке айналған.

Әдетте, бұл жерде жетекші орындарды табиғи ресурстардың үлкен қоры бар немесе технологиялық экономикасы өте дамыған шағын елдер алады. Мұндай елдерде өмір сүру деңгейі өте жоғары. Халықаралық валюта қорының ресми мәліметтері бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін ескере отырып, біз 2021 жылы әлемдегі ең бай 10 елдің тізімін ұсынамыз.

1. Люксембург

Бар-жоғы 600 мыңнан аса халқы бар осы кішкентай мемлекетте адамдардың өмір сүру деңгейі өте жоғары.  Люксембург – әлемдегі ең маңызды қаржы-банк орталықтарының бірі. Оның 200-ден астам банктің филиалы, 1000-нан астам инвестициялық қоры бар, күнделікті қаржылық операциялардың саны мен көлемі кез келген экономисті таң қалдырады. Люксембург ең таза мемлекеттер қатарына да жатады. ЖІӨ жан басына шаққанда – 112 875 доллар.

2. Сингапур

Бұл елде басқа мемлекеттердегідей  пайдалы қазбалар жоқтың қасы, бірақ 5,7 миллион адамның барлығы ерік-жігерлі, еңбекқор және тәртіп арқылы бүкіл мемлекеттің деңгейін көтерген. Жалпы, сингапурлықтардың өмір сүру деңгейі жоғары. Азия мемлекетінде әлеуметтік ережелер мен салықтар өте төмен.  Ал, негізгі табыс туризм, химия және электроника өнеркәсібі, банк және қаржы салаларынан түседі. Сингапур сонымен қатар, әлемдегі ең таза  мемлекеттер тізімінде де алдыңғы орында. Мысалы бұл елде көшеге қоқыс тастайтын кез келген адам (тіпті қарапайым қағаздың бір бөлігі) 600 доллар айыппұл төлейді. Сондықтан да бұл жерде сағыз сатуға тыйым салынған. Бұл елге сағызды сату үшін алып келетіндер 5500 доллар айыппұл төлейді немесе 1 жылға бас бостандығынан айрылады. ЖІӨ жан басына шаққанда – 95 603 доллар.

3. Катар

Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, кейінгі бірнеше жылда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім бойынша Катар көшбасшы елдер қатарында. Катар табиғи газ экспорты бойынша әлемде үшінші орында, ал табиғи газ мен мұнай өнімдерін экспорттауда алтыншы орында. 2,5 миллионға жуық халқы бар елдің халқына ЖІӨ  жан басына шаққанда  91 897 доллардан келеді.  Мінсіз инфрақұрылым құруға мүмкіндік берген бай табиғи ресурстардың арқасында Катар 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын аймақтағы бірінші ел болады.

4. Ирландия Республикасы

Ирландиялықтардың әл-ауқатын тау-кен, азық-түлік өндірісі мен банк секторы басым дамыған экономикасы қамтамасыз етеді. Әр қызмет саласына жоғары технологиялар мен инновациялық өнімдер енгізііп жатыр. Ирландия халқы шамамен 5 миллион адамды құрайды. Сауда – ел байлығының негізі саналады. ЖІӨ жан басына шаққанда – 89 383 долар.

5. Швейцария

Швейцария – бұл өмір сүру деңгейі өте жоғары және дамыған экономикасы бар Еуропаның елі. Саяси және әскери бірлестіктерге қатысты мемлекеттің әлемге әйгілі бейтараптығы табысты саудаға және планетаның әр түрлі елдерімен өзара тиімді қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Швейцарияда 8,7 миллион халық тұрады. Әрбір дерлік Швейцария азаматы өз елінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтейді. Экономиканың тірегі – банк секторы мен жоғары технологиялық сапалы өнімдер. ЖІӨ – 68 340 доллар.

6. Норвегия

БАӘ ыстық ауа райын жеңе алған болса, Скандинавия елі суық пен қатал қыстың табиғи апаттарын жеңді. Норвегияның 5,3 миллион халқы бар. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі шамамен 64 856 000 доллар. Мұнай мен табиғи газды өндіру мен қайта өңдеу елдің 2021 жылғы ең бай мемлекет ондығына  кіруін қамамасыз етті.

7. АҚШ

Халқы шамамен 331 миллион адам. Әр штатында әр түрлі заңнама, салық ставкалары, бағалар, еңбек нарығы, климат және басқалары бар өте алуан түрлі және көркем ел. Сондықтан, штаттарға потенциалды иммигранттар арасында таңдау көп. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында өмір сүруге болатын ең жақсы қалалардың тізімін көруге болады. ЖІӨ – 63 051 доллар.

8. Бруней

Бруней – 433 мыңға жуық халқы бар Оңтүстік -Шығыс Азиядағы тағы бір шағын мемлекет. Экономика мұнай мен табиғи газ өндіруге негізделген. Бруней қолайлы климатқа ие. Көптеген туристерді тартатын өте әдемі жер і көп. Жергілікті азаматтар жоғары білімді және көпшілігі ағылшын тілін біледі. Билік тұрғындарды тегін дәрі -дәрмекпен қамтамасыз етеді және жеке табыс салығын алмайды. ЖІӨ – 61 816 доллар.

9. Біріккен Араб Әмірліктері

Бұл елде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (БАӘ халық саны  10 миллионға жуық) 58 466 долларға жетеді. Мұнай мен алюминий өндірісі, дамып келе жатқан туризм индустриясы мен жүйелі экономика ел азаматтарының әл-ауқатын көтеріп, бұл мемлекет шөл дала мен қолайсыз ыстық климатты жеңді. Қазіргі күнде ең жақсы қонақүйлер, үлкен зәулім ғимараттар, бай шейхтар мен «қара алтын» БАӘ-нің ауқатты мемлекет екенін білдіреді.

10. Дания

2021 жылғы әлемдегі ең бай 10 елдің ТОП-10 рейтингін Еуропаның солтүстігінде орналасқан шағын Скандинавия мемлекеті жабады. Халқы небәрі 5,8 миллион адам. Соңғы бірнеше жылда Дания әлемдегі ең бақытты 3 елдің қатарына енді. Мұнда өмір сүруге, кәсіппен айналысуға, кәсіби қызмет пен оқуға жайлы жағдайлар жасалған. Данияда тамаша инфрақұрылым мен күшті жоғары технологиялық экономика бар.

P.S Өкініштісі посткеңестік елдер әлемдегі ең бай мемлекеттердің ондығынан әлдеқайда артта қалды. Мысалы жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Ресей 50-ші орында (27 394 доллар), Қазақстан 51-ші орында (26 595 доллар), Беларусь Республикасы 64-ші орында (19 759 доллар), Украина 93-ші орында (12 710 доллар), Өзбекстан 121 орында (7 449 доллар), Қырғызстан 141 орында (5 036 доллар).