15 қыркүйек әлемде семіздікпен күрес күні болып саналады. Бұл "дос кеңес берді" принципі бойынша артық салмақ мәселесіне көңіл бөлініп, майлы тамақтан бас тартатын күн.
Көптеген телеарналарда бұл туралы арнайы жобалар көрсетіледі (олар белгілі бір уақытқа дейін циклмен жүреді), олар семіздік мәселесін анықтау тәсілдерін және оны шешудің мүмкін жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Сонымен қатар, БАҚ жаттығу кешенін немесе тамақ өнімдерін ойланбай қолданудың барлық жағымсыз салдарын айтады.
Артық салмақтан арылудың түрлі тәсілі бар. Оның бірі денсаулыққа кері әсерін тигізсе, енді бірі оң нәтижесін береді. Арықтау үшін адамда, ең алдымен, мақсат болуы керек. Белгілі бір мақсат болған кезде ғана адам үлкен нәтижеге қол жеткізеді.
Денеңізде артық майдың бар екенін байқасаңыз, тамақтану тәртібін де өзгертіңіз. Әдетте дұрыс тамақтану тәртібін белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстанамыз. Шындығында ол салауатты өмір салтымыздың бір бөлшегіне айналуы тиіс.
Қатаң тәртіпті талап ететін диеталар бірден өз нәтижесін көрсетеді. Ол үшін диетолог мамандарға жолығып, күнделікті жейтін тағамдарды пайдаласымен алмастырғанымыз жөн. Диетолог мамандар ең бірінші кезекте тағамдардың калориясын азайтады. Кейде фитнеске барып, қатаң тәртіпті талап ететін диеталардың түр-түрін ұстасақ та, арықтау қиынға соғады.
Адамдар артық салмақтан зардап шегіп жатыр
Кейінгі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалардың семіздік ауруына шалдығып жатқанын айтып дабыл қағуда. Грекиядан Қытайға дейін адамдар артық салмақтан зардап шегіп жатыр. Lancet медицина журналы 2017 жылы 130 миллионға тарта адамның дене салмағы индексін зерттеп, 1970 жылдан бері семіздікке шалдыққан ересектер саны 7 есе өскенін және олардың көпшілігі АҚШ пен Қытайда екенін анықтады. 2016 жылғы зерттеулер олардың осы мерзім аралығында әр он жыл сайын орта есеппен 1,4 кило салмақ қосқанын айтады. Семіз балалар мен жасөспірімдер саны да 1975 жылғы 11 милионнан 2016 жылы 124 миллионға өскен.
Балаларды семіздік дертінен қорғау үшін елімізде 2025 жылға дейін біршама шаралар жоспарланған.
Салмақ жоғалту күнін таңертеңгілік жаттығулар немесе қарапайым жаттығулар жасау арқылы денсаулығыңызға пайдалы етіп өткізуге болады.