Шотландияның Элдерсли қаласында тұратын Джон Доэрти лотореядан 14 миллион еуро көлемінде қомақты қаржы ұтып алған. Бір күнде бағы жанған 52 жастағы бақытты азаматты маңайындағылар енді су жөндеуші қызметін тоқтатады деп топшылаған. Алайда, араға екі күн салып әдеткі уақытында жұмыс киімімен келген Джонды көрген таныстары шынымен-ақ таңырқаған. Кейін белгілі болғандай, өзінің мамандығын қатты жақсы көретін Доэрити үйінде қол қусырып бір минут та отыра алмайтынын түсінген. 1984 жылы су жөндейтін фирмасын ашқан азамат осы күнге дейін өз ісіне салғырттық танытпаған. Сонымен қатар барлық маңайындағы жұмыскерлерімен бірге екі қолға бір күрек ұстап үйренген жан тез арада шалқыған өмірге бой үйрете алмайтынын да тілге тиек етті.