14 миллион еуро жеңген жан қайтадан су жөндеуге кірісті

14 миллион еуро жеңген жан қайтадан су жөндеуге кірісті
Фото: mirfactov.com

Шотландияның Элдерсли қаласында тұратын Джон Доэрти лотореядан 14 миллион еуро көлемінде қомақты қаржы ұтып алған. Бір күнде бағы жанған 52 жастағы бақытты азаматты маңайындағылар енді су жөндеуші қызметін тоқтатады деп топшылаған. Алайда, араға екі күн салып әдеткі уақытында жұмыс киімімен келген Джонды көрген таныстары шынымен-ақ таңырқаған. Кейін белгілі болғандай, өзінің мамандығын қатты жақсы көретін Доэрити үйінде қол қусырып бір минут та отыра алмайтынын түсінген. 1984 жылы су жөндейтін фирмасын ашқан азамат осы күнге дейін өз ісіне салғырттық танытпаған. Сонымен қатар барлық маңайындағы жұмыскерлерімен бірге екі қолға бір күрек ұстап үйренген жан тез арада шалқыған өмірге бой үйрете алмайтынын да тілге тиек етті. 

Лотореяның жүлдесін жұбайы екеуінің Флоридаға сапарынан кейін ғана иемденген. Бір таңғалатыны осындай ұтысға кенеліп отырған отбасы атап өту үшін небары 345 фунд қана жұмсаған. 45 фундқа пицца алса, 300 фундқа жұбайы Элисонға сөмке алып берген. 

B. ZHAQSYMBET