- Негізгі бет
- Әлемтану
- 11 мың ғалым...
11 мың ғалым климаттың өзгеріп жатқанына дабыл қақты
Әлемдегі 11 мың ғалым климаттың өзгеруі туралы саясаткерлерге бағытталған үндеу хат жариялады. Бұл туралы CNN хабарлады.
“Бүкіл әлемнің түкпір түкпірінен шыққан 11 мың ғалым адамзат өзінің қазіргі жолын өзгертпесе, климаттың өзгеруі қандай азап шеккізуі мүмкін екені туралы хат жазды. Олар ғалым ретінде барды бар деп айтуға моральдық құқықтары бар екенін мәлімдеді”, делінген материалда.
Баяндама авторларының бірі Фиби Барнард бұл құжат ең алдымен саясаткерлерге бағытталғанын айтқан.
“Келер ұрпақ саясаткерлер туралы жаман ойда болады, себебі олар климаттың өзгеруі өркениетке төнген қауіп екеніне мән бермеді”, - дейді ол.
Айта кету керек, ғалымдар бұған дейін де бірігіп пікір білдірген еді. 2017 жылы 184 мемлекеттен жиналған 16 мың ғалым “адамдар мен әлем қақтығыс алдында тұрғанын” ескертіп үндеу хат жазған еді. Ал биылғы хат BioScience ғылыми журналында жарияланды. 150-ден астам мемлекет ғалымдарының айтуынша, климаттық дағдарыс “бай өмір сүруге ұмтылуға” байланысты.
“Климат белсендісі Грета Тунбергтің сөздерін қайталаған ғалымдар тиісті шаралар қабылдамайтын саясаткерлерді сынады. Сонымен қатар олар бұл мәселені шешуге көмектесе алатын үш негізгі факторды айтты. Олар: қазба отыннан бас тарту, климатты ластайтын қалдықтарды азайту және етті аз тұтыну, көміртексіз экономика құру, қыздарды оқыту мен отбасын құру қызметіне инвестиция салу арқылы халық санын арттыру”, - деп жазады автор.
Т. Раушанұлы