- Негізгі бет
- ӘЧ 2018
- "В" тобында фавориттер...
"В" тобында фавориттер 1/8 финалға шықты
Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан тағы екі команда белгілі болды. В тобының фавориттері саналған Испания мен Португалия плей-офф жолдамасын иеленді.
Топтағы соңғы тур ойындары тартысты өтті. Мундиальды топтық кезеңде аяқтайтыны анық болған марокколықтар Испанияға қарсы жүйелі ойын көрсетті. Алғаш болып гол соғып, ойын соңында ғана қызыл фурияға ұпай ұстатты.
Испания мен Марокко 2:2 есебімен тең ойнады. 14 минутта Бутаиб марокколықтарды алға шығарса, араға 5 минут сала Иско таразы басын теңестірді. Екінші таймда Африка құрлығынан келген құрама екінші рет есепте алға шықты. Эн-Несири баспен гол соғып, Де Хеаны қапы қалдырды. Әйткенмен ойын соңында алаңға шыққан Яго Аспас Испанияға аса қажетті ұпайды сыйлады. Гол кезінде өзбек төрешісі Рафшан Ирматов нәтижені есепке алмағанмен, видеоқайталауды (VAR) қарап нәтижені тіркеді.
Соңғы сәтке дейін топта көш бастап тұрған Португалия Иранмен тең ойнап (1:1) қалды. 45 минутта Рикарду Куарежма командасын алға шығарса, ойынға қосылған қосымша минуттарда пенальтиден есепті теңестірді.
Тағы бір айта кететіні, бұл ойында Криштиану Роналду пенальти соға алған жоқ.
Сонымен "В" тобында 5 ұпаймен Испания бірінші орын алды. Португалия да 5 ұпай жинағанмен, екінші жолдаманы иеленді. 1/8 финалда "қызыл фурия" Ресеймен кездеседі. Ал Роналду бастаған футболшылар Уругвайға қарсылас атанды.
О. Сансызбай