F тобындағы екінші ойындаШвецияқұрамасыОңтүстік Кореяны1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз пенальтиден соғылды. Екі құрама арасындағы ойын Нижний Новгородта өтті. Бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасқан құрамалар екінші таймда гол соғуға асықты. 64 минутта кәріс жартылай қорғаушысыКим Мин Уөз айып алаңында хавбек Виктор Классонға қарсы ойын ережесін бұзды. Басында бас төрешіХоэль Агильярпенальти белгілеген жоқ. Видеоқайталауды қарау нәтижесінде пенальти болады деп шешім қабылдады. 11 метрлік айып соққысынанАндреас Гранквистмүлт кеткен жоқ. Бұл гол шведтерге жеңіс сыйлады. Айта кетейік, кеше бұл топтаМексикақұрамасыГерманияны1:0 есебімен ұтқан болатын.