- Негізгі бет
- ӘЧ 2018
- Ресейдің жеңісі допинг...
Ресейдің жеңісі допинг қолданғанына байланысты ма?
Футбол бойынша әлем чемпионатында да допинг дауы жүзеге келуі мүмкін. Америка антидопинг агенттігі (USADA) басшысы Тревис Тайгарт Ресей ұлттық құрамасы футболшыларын допинг тексеруден өткізу керек деп есептейді. Мұны ол Ресей құрамасының уақытынан бұрын өз тобынан шыққанына байланысты көтеріп отыр.
Тайгарттың айтуынша мундиаль таза өтіп жатқанына көз жеткізу үшін де тексеру өткізу қажет. «Өте жоғары нәтиже көрсетіп жатқан командаларды жиі тексеруден өткізіп тұрған артықтық етпейді», – дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына уақытынан бұрын шығып отыр. Алаң иелері бірінші Сауд Арабиясын 5:0, Египетті 3:1 есебімен айқын басымдықпен ұтқан еді. Енді Уругваймен өз топтарында бірінші және екінші орын үшін өзара кездеседі.
А. Оралқызы