Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлікХабиб Нурмагомедовпен ирландиялық спортшыКонор МакГрегор6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ресейлік спортшының әкесіАбдулманапхабарлады. Қос спортшы Лас-Вегаста өтетін UFC 229 кешінің басты жекпе-жегінде кездесуі мүмкін. - Жекпе-жек 6 қазанға жоспарлануда. Қазір айтуға ерте, әйткенмен келіссөздер аяқталып келеді. Әзірге Конормен. Алдағы жоспарда төрт кездесу бар. Конор, Тони Фергюсон, Сен-Пьер және жартылай орта салмақ чемпионымен, - деді Абдулманап телеарна бағдарламасында. Осыған дейін Хабиб Нурмагомедов 6 қазанда жекпе-жек өткізетіні жайлы айтып қалған болатын. Осы күні өзі чемпиондық атағын алғаш рет қорғайтын болады. Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.