- Негізгі бет
- ӘЧ 2018
- Мундиаль тарихы. Ең-ең-ең......
Мундиаль тарихы. Ең-ең-ең...
Футбол – спорт қана емес, футбол – өмір. Жақында ғана футбол бойынша кезекті әлем чемпионаты басталды. Мундиальдың тарихына көз жүгіртсек талай рекордтың жаңаланып, талай әдемі голдардың соғылғанына куә боламыз. Назарларыңызға сондай қызықты статистиканың бірнешеуін ұсынамыз.
Ең көп ойын өткізген төреші
Ең көп ойын өткізген төреші футболдың отаны Еуропадан десеңіз қателесесіз. Ең көп ойын өткізген өзбек төрешісі – Равшан Эрматов екен.
2010 жылы ол Оңтүстік Африкадағы әлем чемпионатында өз ісінің білгірі, 3 тілде еркін сөйлейтін Равшанға 5 ойынға төрешілік ету сеніп тапсырылған.
2014 жылы Бразилиядағы әлем чемпионатында тәжрибелі төреші ретінде де Равшан шақырылған. Топтық кезеңде Швейцария - Эквадор, Хорватия - Мексика, АҚШ – Германия ойындарына төрешілік етсе, жартылай финальда Нидерланд пен Коста-Рика ортасындағы ойынға төрешілік ету құқығына ие болды. Осы ойын өзбек төрешісінің төрешілік еткен 9-ойыны болды да рекорд орнатты. Себебі осы уақытқа дейін ешқандай төреші 8 ойыннан артық төрешілік етпеген. Равшанның тобы биыл да әлем чемпионатына шақырылған. Демек, бұл рекордты жаңалай түседі деген сөз.
Ең көп қатысқан құрама
Әлем чемпионатына ең көп қатысқан құрама – Бразилия ұлттық құрамасы. Пентакампеондықтар 1930 жылдан бері болып өткен барлық чемпионаттың қатысушылары. Сонымен бірге мемлекет 2 рет 1950-2014 жылдары әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болған. Бірақ, екеуінде де жеңіске жетпеді.
Ең көп қатысқан футболшы
Мундальға ең көп қатысу рекорды екі футболшыға тиісті. Бұлар – неміс футболы аңызы Лотар Маттеус пен мексикалық Антонио Карбахал 5 әлем чемпионаты жасыл алаңында ойнаған.
Лотар Маттеус 1982, 1986, 1990, 1994, 1998 жылдардағы мундальға қатысқан болса, Карбахал 1950, 1954, 1958, 1962, 1966 жылдардағы әлем чемпионатына ұлттық құрама сапына шақырылған.
Ең көп жеңіске жеткен құрама
Ең көп жеңіске жеткен Бразилия ұлттық құрамасы. Олардың қоржынында 5 алтын мен 2 күміс пен қола бар. 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдары алтын алса, естен кетпейтін 1950 және 1998 жылы күміс, 1938 – 78 жылдары қола алған.
Ең жүлделі ойыншы
Әлем чемпионаты кубогін жалғыз футболшы – Пеле ғана 3 рет иеленген. Ол 1958, 1962, 1970 жылдарда Бразилия құрамында чемпион болған. Сонымен бірге әлем чемпионатын жеңіп алған ең жас футболшы. 1958 жылы өткен мундиальда ол 17 жаста еді.
Ең үздік сұрмерген
Әлем чемпионатындағы ең үздік сұрмерген – Мирослав Клозе. Клозе 20 жасында құрылыста қыш қалаушы боп жұмыс істеген. 21 жасында болса кәсіби футболға қызығып бундеслиганың бесінші дивизионындағы "Кайзерслаутерн"-нің екінші командасына барып қосылған. Сол уақыттарда ол әрі футболшы әрі қыш қалаушы боп жұмыс істеп жүре берген. Құрылыстағы ауыр жұмысына қарамай ол бір маусымда 11 гол соққан. Клозе үшін қарсылас команданың қақпасына гол соғу қыш қалаудай оңай жұмыс болып шықты.
Уақыт өте келе ол әлем чемпионатының ең үздік сұрмергенне айналды. Клозе 2002, 2006, 2010, 2014 жылдардағы мундиальда 24 рет Германия ұлттық құрамасы сапында жасыл алаңға шығып, 16 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген екен. Соққылары нәтижесіз болмай осы уақытта 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медалдарын мойнына таққан.
Сұрмергендер тізімінде екінші орында Бразилиялық Роналдо тұр. Ол 19 ойына 15 гол соққан.
Ең әдемі гол
Әлем чемпионаты тарихында әдемі голдар өте көп. Олардың ішінен ең әдемісін таңдауда жанкүйерлер, журналисттер, спорт мамандары арасында талай тартыс болған. Бірақ, әлем бойынша өткізілген сұраунамадан кейін 1986 жылғы әлем чемпионатындағы жасыл алаң иелері мексикалық жартылай қорғаушы Мануэл Негретеннің Болгария құрамасына соққан голы ең әдемі деп танылды.
Мануэл сол кезде қарсыластың айып алаңының ішінде қорғаушылардың қоршауында тұрғанына қарамай ғажайып акробаттық тәсілмен гол соғып кеткен еді. Ал, екеінші орынды бразилиялық Эдер 1982 жылы КСРО құрамасына ұзақтан шірене тепкен голымен иеленді.
Ең жылдам гол
Мундиаль тарихындағы ең жылдам гол 2002 жылы соғылған. Сол кезде түріктердің Хакан Шукюріне Оңтүстік Корея қақпасына гол соғу үшін бар-жоғы 11 секунд жеткілікті болған.
Футболшы һәм бапкер ретінде жеңіске жеткендер
Екі адам футболшы һәм бапкер болып та жеңіске жеткен екен. Олар германиялық Франц Беккенбауер мен бразилиялық Марио Загалло.
Франц Беккенбауер Германия сапында 1966 жылы әлем чемпионатының күміс, 1970жылы қола, 1974 жылы алтын медалін иеленген болса, 1990 жылы бапкер ретінде жеңіске жеткен.
Бразилиялик Марио Загалло болса 1958 және 1962 жылдардағы чемпионатта кубокты иеленген болса, 1970 жылы Бразилия құрамасы оның басшылығында кубокты жеңіп алған болатын.
Т. Раушанұлы