Бүгін футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі С және D топтарындағы екінші ойындар өтеді. Осы ойындармен қатарMassaget.kzсайтыHuaweiкомпаниясы демеушілігімен ұйымдастырғанболжамдар бәйгесіде жалғасады. Бүгін ойнайтын құрамалар жайлы аз-кем ақпарат ұсынамыз. Дания - Аустралия А тобында 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталып үлгерді. В тобында бұл бәсеке әлі де жалғасады. Ал С тобында да бүгін плей-оффқа шыққан екі құрама анықталып қалуы мүмкін. Алдымен Дания мен Аустралия ойыны жайлы айтсақ... Қос құрама бүгін Самарадағы Космос Аренада 3 ұпайды сарапқа салады. Даттар бірінші ойында Перуді ұтса, жасыл құрлықтан келген құрама француздарға есе жіберді. Бүгін Дания құрамасынан тағы ұтылса, мундиальды топтық кезеңде аяқтайды. Футбол тарихына көз жүгіртсек, Дания мен Аустралия өзара үш рет кездесіпті. Үшеуі де - жолдастық кездесу. 2007 жылы Дания құрамасы жеңсе (3:1), 2010 жылы аустралиялықтар (1:0) ұтқан. 2012 жылы даттардың (2:0) мысы басым болған. Дания құрамасы 5 ойын қатарынан өз қақпаларына гол соқтырған жоқ. Бұл қорғаушылар мен қақпашы Каспер Шмейхельдің шеберлігі болса керек. Айта кету керек, Перуге қарсы ойында Шмейхель алты бірдей сэйв жасады. Букмекерлік орталықтар Дания құрамасын фаворит санауда. Шмейхель, Кристенсен, Поульсен, Йоргенсен сынды саңлақтары команда осал емес екені анық. Перуге қарсы ойында жарақат алған Уильям Квист бүгінгі ойынға қатыспайды. Ал аустралиялықтар үшін бүгін не бел, не белбеу кетеді деген ойын болмақ. Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар: Дания:Шмейхель Ларсен, Кристенсен, Кьер, Дальсгорд Дилейни, Шоне Систо, Эриксен, Поульсен Йоргенсен. Аустралия:Райан Бехич, Миллиган, Сейнсбери, Рисдон Круз, Муй, Единак, Леки Рогич Наббут. Дания - Аустралия ойыны Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Ойынға испан төрешісі Антонио Матео Лаос қазылық жасайды. Франция - Перу С тобындағы екінші ойын Франция мен Перу құрамалары арасында өтеді. Алғашқысында - 3 ұпай, кейінгісі әзірге ұпайсыз. Француздар ұтса, плей-офф мәселесін бүгін-ақ шешеді. Перуліктер ұтылатын болса, мундиальмен қош айтысады. Қош айтысқанда, топтағы соңғы ойынның аса маңызы қалмайды. Қос құрама өз тарихында екі рет кездескен. Онда да 36 жыл бұрын. Парижде өткен жолдастық кездесуде перуліктер 1:0 есебімен ұтқан. Бірінші рет1960 жылдың 26 тамызында Олимпиада ойындарында ойнаған. Италияның Флоренция қаласында топтық кезең бойынша өткен матчта француздар аталмыш қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қысқасы бүгінге дейін қос құрама әлем біріншілігінде кездесіп көрген жоқ. Олай болса бұл ойынның тарихи мәні зор екенін ерекше атауға болады. Перу құрамасы Данияға қарсы ойында жүйелі шабуылымен ерекшеленді. Қақпа алдына дейін оңай жетіп, соңғы сәтте мүлт кетіп жатқан кездері көп болды. Бүгін де қорғаныста ойнамасы анық. Француз қақпашысы Уго Льорис бүгін ұлттық құрамадағы 100-ші ойынын өткізеді. Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар: Франция: Льорис - Эрнандес, Умтити, Варан, Павар - Погба, Канте, Толиссо - Дембеле, Жиру, Мбаппе Перу:П.Гальесе М.Трауко, А.Родригес, К.Рамос, Л.Адвинкула Р.Тапиа, Йотун Э.Флорес, К.Куэва, А.Каррильо Дж.Фарфан Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan арнасы көрсетеді. Бас төреші қызметінде - Мұхаммед Абдулла (БАӘ). Аргентина - Хорватия Бүгін футболсүйер қауым асыға күтетін кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. D тобындағы 1/8 финалға талас қыза түсетіні анық. Аргентина бірінші ойында Исландиямен тең түсті. Ал хорваттар Нигерияны 2:0 есебімен ұтты. Бұл топта плей-оффқа шыққан командалар бүгін анықталып үлгереді деп айту қиын. Бәрі үшінші ойында шешілетін секілді. Исландия құрамасы Месси мен оның командасына қарсы қалай ойнау керек екенін көрсеткендей. Хорваттар да Оңтүстік Америка құрлығынан келген ұжымға тосынсый дайындап жатқаны белгілі. Қазіргі таңда шақпақ жейделі команданың құрамында 22 ойыншы қалды. Нигерияға қарсы кездесуде алмасу үшін алаңға шыққысы келмеген Никола Калиничті бас жаттықтырушы Златко Далич еліне қайтаратынын айтқан. Қос құрама өзара төрт рет кездескен. Үш жолдастық кездесудің бірінде Аргентина, бірінде Хорватия ұтса, бір ойын тең аяқталған. Ал 1998 жылғы әлем чемпионатында Аргентина жеңіске жеткен. Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар: Аргентина:Кабальеро; Меркадо, Отаменди, Тальяфико; Сальвио, Маскерано, Меса, Акунья; Месси, Агуэро, Павон. Хорватия:Субашич; Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич; Ракитич, Бадель; Брозович, Модрич, Перишич; Манджукич. Ойын Нижний Новгородта өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Ойынға өзбекстандық төреші Равшан Ирматов қазылық жасайды. Айта кетейік, осыған дейін порталымызболжамдар бәйгесін(ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын.Болжамдарды төмендегіпікір білдіруалаңына қалдырасыздар.Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпкеөзгертуге болмайтынын ескертеміз. Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі Huawei. Бірінші орын алған жеңімпазР20 Liteсмартфонынаие болады. Болжамдар бәйгесіне бүгіннен бастап та қатыса берсеңіздер болады. Өйткені алда әлі 44 ойын бар. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар! Болжамдар бәйгесінің ережесі