Бүгін футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойындар жалғасады. 3 ойын өтеді. Осы ойындармен қатарMassaget.kzсайтыHuaweiкомпаниясы демеушілігімен ұйымдастырғанболжамдар бәйгесі де өз көшбасшысын күтеді. Олай болса ойындарға қысқа шолуымызды ұсынамыз. Португалия - Марокко В тобындағы бірінші ойында бірі тең түсіп, бірі ұтылды. Дәлірек айтсақ, португалдар Испания құрамасымен 3:3 есебімен ұпай бөліссе, марокколықтар Иранға қарсы кездесудің соңғы минуттарында өз қақпаларына гол соғып алды. Марокко бүгін ұтылатын болса, плей-офф кезеңіне шыға алмайды. Сол үшін бүгін ұтылмауға тырысары хақ. Қос құрама футбол тарихында бір-ақ рет кездескен. 1986 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде жолы түйісіп, Африка құрлығының құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Марокконың Иранға қарсы ойынын футбол жанкүйерлері тамашалаған да болар. Ойын басында жүйелі шабуылымен қарсыластарын тықсыра түскен болатын. Кездесудегі статистикалық нәтижелерге көз жүгіртер болсақ, ирандықтардан басым болғанын байқауға болады. Әйткенмен ойын соңындағы автогол Марокко құрамасын ұпайдан айырды. Екі құраманың деңгейі екі түрлі. Португалдықтарды бір бәс жоғары десек қателеспейміз. Бірақ, бұл - футбол. Күнде жарнамада көріп, есітіп жүргеніміздей футбол - бұл өмір. Марокколықтар да топтан шығу үшін, плей-оффтағы өмір үшін барын салатын болады. Тосынсый жасамасына кім кепіл?!... Испанияға қарсы ойында Криштиану Роналду хет-трик жасады. Осы голдарынан кейін бұл ойыншының талантын мойындағандар саны артты. Бүгін тағы гол соғатын болса, Еуропа ұлттық құрамаларында ең көп гол соққан үздік сұрмерген атанады. Қазір ол Португалия құрамасы сапында 84 гол соғып үлгерген. Португалдардың құрамы ойынға сақадай-сай. Ал марокколықтар сапынан Нордин Амрабат ойынға шықпайды деп күтілуде. Бірінші ойында миы шайқалған. Бас жаттықтырушы оның орнына Софьян Амрабатты шығаруы мүмкін. Негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін ойыншылар: Португалия: Патрисиу - Геррейро, Фонте, Пепе, Соареш - Моутиньо, Карвальо - Фернандеш, Гуэдеш, Б.Силва - Роналду. Марокко: Мунир - Хакими, Се, Бенатиа, С.Амрабат - Эль-Ахмади - Харит, Буссуфа, Беланда, Зиех - Эль-Кааби. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Ойында АҚШ елінен келген Марк Гейгер қазылық жасайды. Уругвай - Сауд Арабиясы А тобында плей-оффқа жолдама алған құрамалар бүгін анықталып қалуы бек мүмкін. Түнде Египетті ұтқан ресейліктер 6 ұпаймен көш басына шықты. Бүгін Уругвай Сауд Арабиясына ұтылмаса, алаң иелері ресми түрде 1/8 финалға шығады. Ал Оңтүстік Америка құрлығынан келген құрама бүгін жеңіске жетсе, Ресеймен бір қатарда плей-оффқа жолдама алады. Топтағы үшінші ойында Станислав Черчесов шәкірттерімен бірінші орынға таласатын болады. Топтағы бірінші ойында Уругвай ойын соңында Хименестің соққан голының нәтижесінде Египетті ұтты. Ал арабтар Ресейден 5:0 есебімен ұтылды. Өткен ойында Луис Суарес бірнеше мүмкіндігін желге ұшырды. Бүгін команданың бас жаттықтырушысы Оскар Табарес шабуылшыға зор сенім артады. Өйткені ойыншы бүгін ұлттық құрамадағы 100-ші кездесуіне шығады. Қос құрама өзара екі рет жолдастық кездесу өткізген. 2002 жылы Сауд Арабиясы жеңіске жетсе, 2014 жылы құрамалар 1:1 есебімен тең ойнаған. Негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін ойыншылар: Уругвай:Фернандо Муслера; Гильермо Варела, Хосе Мария Хименес, Диего Годин, Мартин Касерес; Натан Нандес, Матиас Весино, Родриго Бентакнкур, Кристиан Родригес; Луис Суарес, Эдинсон Кавани Сауд Арабиясы:Мохаммед Аловаис; Мохаммед Албурак, Осама Хавсави, Али Албулайи, Яссер Альшахрани; Салем Альдавсари, Абдула Отайф, Салман Альфарай, Таисер Альяссам, Яхйя Альшери; Фахал Алмувалад. Уругвай мен Сауд Арабиясы арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетеді. Ойынға француз төрешісі Клеман Тюрпен қазылық жасайды. Иран - Испания Иран құрамасы В тобында 3 ұпаймен көш басында келеді. Ал бұл топтың фавориттері - Испания мен Португалия. Ирандықтарды бүгін Испаниямен, 26 маусымда Португалиямен өтетін ойын күтіп тұр. Екі құраманың бірін жеңсе, 1/8 финалға шығуына зор мүмкіндіктері бар. Испаниямен өтетін ойын алдындағы жаттығу кезінде команданың қорғаушысы Роозбе Чешми жарақат алып қалды. Ол енді командасына көмектесе алмайды. Қызыл фурия бүгінгі ойында фаворит. Бірінші ойында Португалиямен тең түскені де - нашар нәтиже емес. Егер ұпай жоғалтып жатса, жаңадан келген бас жаттықтырушы Фернандо Йерроға сын болары анық. Қос құрама осыған дейін өзара кездеспеген. Испандықтар болса соңғы 21 ойында ұтылмаған құрама. Ойын Ресейдің Қазан қаласында өтеді. Негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін ойыншылар: Иран:Бейранванд Хажсафи, Монтазери, Пурлиганджи, Резаэян Эбрахими Ансарифард, Амири, Шоджаи, Яханбакш Азмун. Испания:ДеХеа Альба, Рамос, Пике, Начо Иньеста, Бускетс, Коке Иско, Коста, Сильва. Иран мен Испания құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетеді. Ойынға уругвайлық төреші Андрес Кунья қазылық жасайды. Ол осыған дейін Франция мен Аустралия құрамалары арасындағы кездесуге де бас төреші болған еді. Видеоқайталауды (VAR) қарап, алғаш болып пенальти белгілеген төреші де атанған болатын. Айта кетейік, осыған дейін порталымызболжамдар бәйгесін(ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын.Болжамдарды төмендегіпікір білдіруалаңына қалдырасыздар.Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпкеөзгертуге болмайтынын ескертеміз. Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі Huawei. Бірінші орын алған жеңімпазР20 Liteсмартфонынаие болады. Болжамдар бәйгесіне бүгіннен бастап та қатыса берсеңіздер болады. Өйткені алда әлі 47 ойын бар. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар! Болжамдар бәйгесінің ережесі