Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан командалар қарасыХорватияментолықты. D тобындағы екінші ойында шақпақ жейделі құрамаАргентинаны3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 53 минутта қақпашыВилли Кабальероойламаған жерден қателесті. Допты сәтсіз қайтарып қана қоймай, хорват ойыншысыРебичтіңаяғына салып берді. Футболшы допты бірден қақпаға бағыттап, гол соқты. Аргентина құрамасы таразы басын теңестіру үшін алға ұмтылғанмен, гол соғатын оңтайлы сәтті таба алмады. Керісінше 80 минуттаЛука Модричтіңалыс қашықтықтан тепкен добы хорваттардың екі доп басымдығымен алға шығуына жол ашты. Бұл жолы даКабальеродопты қайтаруға дайын болмай шықты. Осы бір голдан кейінИван Ракитичтіңайып соққысынан тепкен добы да қауіпті болды. Қақпа бағанына тимегенде, қақпашының қайтаруы қиын еді. Иван Ракитичөз дегеніне жетті. Қосымша уақытта гол соғып, хорваттардың қуанышын еселеді. Бұл кезде аргентиналықтардың қорғанысы сетінеп, ес жия алмай тұрған сәт еді... Есеп 3:0. Хорватия D тобында бірінші болып 1/8 финалға шықты. Лука Модрич ойындағы үздік футболшы марапатына ие болды Бұл топтағы ендігі ойын ертеңИсландияменНигерияқұрамалары арасында өтеді. Қазіргі таңда екінші жолдамаға осы құрамалар таласатын болады. Аргентина мен Исландияда бір-бір ұпайдан болса, Африка құрлығынан келген құрама қоржыны әзірге бос тұр.