Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының С тобындағы алғашқы ойыны аяқталды. Қазанда өткен кездесудеФранцияқұрамасыАустралияны2:1 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында командалар тең тарқасып шықты. Футбол жанкүйерлері күткен гол соғылған жоқ. Есесіне екінші таймда 3 гол соғылды. 55 минутта Ридсон ойын ережесін бұзды. Бас төрешіАндрес Куньявидеоқайталауды қарап, пенальти соққысын белгіледі.Антуан Гризманн11 метрлік соққыны сәтті орындап, есеп ашты. Алайда 62 минутта өз алаңындаУмтитиқолмен ойнап, Франция құрамасы қақпасына пенальти белгіленді.Йединак Льористенайласын асыра білді. 81 минуттаПоль Погбаныңтепкен добы қақпа торында туламаса да, сызығынан асты. Төреші бұл сәтті анық аңғарып, голды есепке алды. Видеоқайталауда да гол болғанын жанкүйерлер анық көрді. Бұл топтағы екінші ойынПеруменДанияқұрамалары арасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Айта кетейік, әлем чемпионатына орай Массагет порталы болжамдар бәйгесін бастаған болатын. Ойындарға болжам жасап, Huawei P20 Lite смартфонын ұтып алуға мүмкіндіктеріңіз бар.