Футболдан әлем чемпионатының С тобындағы ойындар аяқталды. СаранскідеДанияқұрамасыПеруді1:0 есебімен ұтты. Саранскідегі ойында көп гол соғылмаса да, жанкүйерлерді жалықтырған жоқ. Алма-кезек шабуылдармен өткен кездесу аса тартысты болды. Бірінші таймда Перу құрамасының есепте алға шығуға зор мүмкіндігі болған. Алайда 45 минуттаКристиан Куэвапенальти соға алмады. Оның тепкен добы қақпадан биік кетті. Перу құрамасы шабуылда ширақ ойнағанмен, гол соғу үшін сәттілік жетіспеді. Бірде қақпадан қиыс кетсе, бірдеКаспер Шмейхельденшеберліктерін асыра алмады. Ойында даттарға жеңіс сыйлаған голды 59 минуттаЮссуф Поульсенсоқты. Нәтижелі пастыКристиан Эриксеншығарды. Перуліктер ойын соңына дейін есепті теңестіру үшін жанталасқанмен, гол соға алмады. Нәтижесінде Дания құрамасының қоржынына 3 ұпай түсті. Даттар әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта болған еді. Отандастарымызды бір ойында 3:1, бір ойында 4:1 есебімен ұтқан. Айта кетейік, бұл топтағы бірінші ойында Франция құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтқан еді.