Бразилия футбол федерациясы ПСЖ футбол клубының қорғаушысы Дани Алвестің оң тізесінен алған жарақаттың ауырлығына байланысты Бразилия ұлттық құрамасы қатарында ӘЧ-2018 ге қатыса алмайтындығын твиттер әлеуметтік желісінде мәлім етті. 35 жастағы аладоп шебері Ле Арбьеге (2:0) қарсы болып өткен Франция кубогы финалында жарақат алған еді. Болжамдарға қарағанда Алвес кем дегенде жарты жыл жасыл алаңға орала алмайды.