Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы 5 күннен кейін Ресейде басталатын әлем чемпионатына 5 тонна азық-түлік ала келеді. Бұл жайында елдің Ресейдегі елшісі Рикардо Лагорио хабарлады. - Аргентина құрамасы өздерімен бірге күнделікте тұтынатын ұлттық тағамдарын ала келеді. Сиыр еті, қойылтылған сүт, мате т.б. бар. Барлығы 3 тоннадай, - дейді Аргентина елшісі. Сондай-ақ команда ойыншыларының саулығын қадағалайтын диетолог мамандар мен аспазшылар Бронницаға келіп үлгерген. Айта кетейік, Аргентина құрамасы топта Исландия, Хорватия және Нигерия құрамаларымен ойнайды.