- Негізгі бет
- ӘЧ 2018
- Англияны жеңген Хорватия...
Англияны жеңген Хорватия құрамасы финалға шықты
Хорватия құрамасы Әлем чемпионатының финалына шықты. Олар 12 шілдеде өткен жартылай финалда 2:1 есебімен Англия құрамасын жеңді.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. 5-минутта Англия сапынан Киран Триппьер стандартты жағдайдан гол салып, ағылшындар 1-тайм бойы үстем болды. 68-минутта Иван Перишич есепті теңестіріп, ойын экстра-таймдарға ұласты. Қосымша уақыттың 109-минутында Хорватия ойыншысы Марио Манджукич Англия қақпасына жеңіс голын салды.
Енді Хорватия финалда Франциямен кездеседі. Ойын 15 шілде күні Мәскеуде өтеді. Ал Англия Бельгиямен қола жүлдеге таласады. Бұл матч 14 шілдеге жоспарланған. Бұған дейін Бельгия мен Англия топтық кезеңде кездескен, ол ойында 1:0 есебімен Бельгия жеңіске жеткен еді.
Хорватия алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. 1998 жылғы әлем чемпионатында Франция әлем чемпионы атанса, Хорватия қола алған. Екі ел 1998 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында кездесіп, 2:1 есебімен Франция жеңген.