Ресейде өткен Әлем чемпионаты өз мәресіне жеткенімен футбол тойынан кейінгі қарбалас әлі таусылған жоқ. Жердің түкпір түкпірінен келген қонақтарды күтіп алған ресейліктер шараны қорытындылап жатса, чемпионаттың жүлдегерлері үйлеріне жетіп, жеңістерін жанкүйерлерімен бірге атап өтті. Қуаныштың үлкені Францияда екені анық. Бұл ел той тойлауды Мәскеудегі финалдық ойын аяқтала салысымен бастап кеткен болатын. Ал, чемпиондар Париж әуежайына келіп қонған шақта көшеге шыққан халықтың саны арта түсті. Ән айтып, би билеп, көк-ақ-қызыл түсті байрақтарын желбіреткен жұрт жеңімпаздар автобусы өтуі тиіс Елисей алаңына жиналды. Автобус келген шақта алаңдағы адамдар шуын үдете түсті. Әлем чемпиондары деген жазуы бар автобусқа мінген футболшылар оларға кубокты көрсетіп, бірге ән айтып, ары қарай ел президентіЭммануэль Макронның қабылдауына барды. Шара барысында құраманың барлық ойыншысы Құрметті легион орденімен марапатталатыны белгілі болды. Париж метрополитенінің алты бекеті уақытша футболшылардың есімімен аталады. Мысалы, Нотр-Дам-Де-Шам бекеті енді Нотр-Дам-Дидье-Дешамға, Виктор Гюго бекеті Виктор Уго Льориске айналды. Айта кетерлігі, чемпиондықты тойлау барысында елде бұзақылық жасау әрекеттері де артқан. Дегенмен, бұл жайт халықтың көңіл күйін еш бұзбақ емес. Команда капитаны Уго Льористің ұшақтан түсіп, әуежайды күтіп тұрған халыққа кубокты көрсетіп тұрған сәті. Чемпиондар автобусы Елесей алаңына келген шақ. Үстілеріне екі рет чемпион атанғанының нышаны ретінде екі жұлдызды футболка киген ойыншылар жанкүйерлер арасымен өтіп бара жатқан уақыт. Әлем чемпионатының басқа да жұлдегерлері өз елдерінде ескерусіз қалмады. Доданың күміс жүлдегерлері Хорватия құрамасы Загреб қаласының әуежайына түсіп үлгерместен қалың елдің қоршауында қалды. Бұл күні күмісті атап өту үшін көшеге 550 мың адам, яғни Хорватия халқының 20%-ы шыққан екен. Жанкүйерлер ойыншыларға алғыстарын айтып, алдағы додаларда сәтті өнер көрсететіндеріне сенімін білдірді. Загребтің орталығында өткен негізгі шара түнге дейін жалғасты. Мерекелік концерт барысында футболшылар жанкүйерлермен бірге ән айтып, бас бапкер Златко Далич сөз сөйледі. Қола жүлде иелері Бельгия құрамасы жанкүйерлерімен Брюссельде кездесті. Футболшылар алдымен екі қабатты автобусқа мініп, қала көшелерімен жүріп өтті де, кейінГран-Плас алаңына барды. Негізгі шараның бәрі осы алаңда өтті. Құрама мүшелері жұртшылықпен ратуша ғимаратының балконында тұрып тілдесті. Сөз кезегі команда капитаны Эден Азарға келді. Шабуылшы Ромелу Лукаку аса көңілді. Аксель Витсель жанкүйерлерді жігерлендіріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, редакциямыз Әлем чемпионатына орай Массагет бәйгесін ұйымдастырған болатын. Мұнда да тартыс футбол додасынан еш кем болған жоқ. Ендеше бәйге жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынамыз.