- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- XVII ғасырлық екі...
XVII ғасырлық екі тәж қоқыс жәшігінен табылды
Фото:
vk.com
Швеция полициясы Стокгольм маңынан былтыр жазда қолды болған корольдік зергерлік бұйымдарды тауып алғанын мәлімдеді.
Олардың қатарында Швеция Королі Карл IX мен Кристин патшайымға тиесілі XVII ғасырлық екі тәж, сондай-ақ, корольдік билік нышаны саналатын алтын шар бар. Әзірге табылған заттарды анықтау жұмыстары жүрып жатыр, бірақ көпшілік бұлардың шынымен патшалық регалиясы екеніне сенімді.
Олар 2018 жылдың жазында Стренгнес шіркеуінен ұрланған. Ұрланған заттар алтыннан жасалған және асыл тастар мен меруертпен безендірілген. Ұрылар жақын маңдағы көл жағалауында тұрған қайыққа мініп, қашып кеткен. Күдіктілердің біреуі ұсталды. Полиция екіншісіне іздеу салды.
А. Оралқызы