Ортағасырлық Еуропа тарихының жарқын кейіпкерлерінің бірі, әрине ол – викингтер. Ертедегі данышпандар викингтердің бойында айтарлықтай ерекше қасиет барын айтқан. Оларға ойшылдық, даналық қасиеттер, сондай-ақ өтірік пен шындықты ажырату қасиеттері тән деседі. Сонымен қатар ғалымдар викингтер туралы таңдаулы 10 фактты іріктеген. Солармен таныс болыңыздар.
1. Викинг ұрпақтары қайда?
Тарихи аңыздарға көз жүгіртсек, викингтер норвегтердің, даттардың және шведтердің бабасы екені туралы әңгімелер көз сүріндіреді. Әрине, бұлай деуге де себеп жоқ емес. Себебі норвег, дат, шведтердің өркендеп өсуі викингтер дәуірімен тұспа-тұс келеді. Олар соғысқа, ұрыс-төбелеске жақын болған соң, қару-жараққа икемі барларды қарақшылар қатарына қосқан. Сондай-ақ өзге де тарихшылардың викингтер құрамын зерттеу нәтижесіне көз жүгіртсек, скандинавтықтар викингтердің тек 50 пайызын құрағанды-мыс. Ал қалған бөлігі өзге тайпа өкілдерінен болған деседі.
2. Викингтер жүрек жұтқан жауынгерлер
Викингтер қару-жараққа салғырт болмағанымен, көп жағдайда іске деген немқұрайлықтары байқалатын. Соның салдарынан ұрыс кезінде викингтер шығыны да шамадан тыс көрсеткішке ие болатын. Викингтердің әлсіздігі кей жерде көрінгенімен олар жерге, елге бай болған. Алайда, соғыстан кейінгі жеңіс викингтерге оңайлықпен келмейтін.
3. Викинг қатарындағы ерлердің ерекшелігі
Шын мәнінде, викингтер қатарын шыныққан, шымыр, батыл ерлер толықтырған. Олар күн-түн демей, қара терге түсіп, дене шынықтырып, таза ауада жаттығу жасауды әдетке айналдырған. Сырт келбетіне келер болсақ, қазіргі жеңіл атлеттерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ.
4. Викинг-Берсектер туралы сіз білмейтін шындықтар
Анығына келер болсақ, викингтер құрамында берсерктер саусақпен санарлықтай ғана болды. Оның да өз себебі бар. Ал берсерктердің кім екеніне келер болсақ, олар өздерін құдай Одинға тапсырған жауынгерлер. Берсерктер өте мықты болған. Тіпті соғыс кезінде өздерін бағындыра алмай, адам төзгісіз қатігездікке барған деседі. Сол себептен де, викингтер құрамында берсерктер сирек кездескен. Скандинавтықтар да олардан сескенгендіктен, арадағы бейбіт тәртіпті сақтаған.
5. Викингтердің бойы не себепті ұзын болған?
Иә, викингтердің ерекшелігі олардың бойы ұзын болған. Археологиялық зерттеулер нәтижесі викингтердің бойы орта есеппен 172-176 см-ді құраған. Әрине, бұл ортағасырлық адамдар ұзын бойлы деген ұғымды білдіреді.
6. Викингтер туралы шындық
Викингтер туралы тың ақпарат, олардың қарапайым халық үшін қауіпті болуы. Олар көбінесе жергілікті монахтарды қорқытумен, оларға үстемдік етумен болған. Франция, Англия жерлерін мекендеген викингтер әрдайым өз биліктері жүргізуге тырысқан.
7. Викингтер Құдай Одинаға табынған ба?
Скандинавия халқы діни табынушылықта монотеистік бағытты ұстанбаған. Алайда барлық құдайларға құрмет көрсетуді лайық деп тапқан. Сондай-ақ құдайға табынушылар жауынгерлер арасында да болды. Олар Один құдайға табынатын еді. Один құдайды ұлықтайын әскер басшылары мен көсемдер болған.
8. Викингтер не себепті агрессивті болды?
Шын мәнінде викингтерді патологиялық тұрғыда тым ашушаң деп еуропалық хронистер және бұқара халық атаған. Викингтердің дәуірінде жаугершілік көп болды. Соның салдарынан олар мал жайылымына арналған жерлерінен айырылып қалды. Бұл оларды күйзеліске түсірді. Осындай соғыстардан және жеңіліс себебінен олар агрессивті күйге түсті.
9. Викингтер қуатты неден алған?
Викингтер өз алдына саңырауқұлақты тағам ретінде пайдаланған. Олар саңырауқұлақ жеп күш жинаған. Ал оларға бұны берсерктер үйреткен.
10. Викингтердің басты қаруы
Викингтер қылышты соғыста сирек қолданатын. Себебі қылыш олар үшін өте қымбат қару есебінде еді. Қылышпен тек көсемдер, қол басшылары ғана соғысқа аттанатын. Олар көп жағдайда соғыста балта қолданатын. Мүмкін сіз фильмнен де көрген шығарсыз, 10-15 килограмға дейін салмақта балтамен төбелесіп жатқанын. Бұл расымен-ақ солай болған. Ауыр қарумен соғысу, олар үшін тиімсіз болды.