Жас дизайнер америкалық доллардың жаңа үлгілерін ұсынды. New US Dollars аталатын серия номиналы 1, 5, 10, 20, 50 және 100 доллар болатын банкноттарды қамтыған. Олар иілгіш пластикадан жасалған, сондай-ақ визуалды тұрғыдан да өзгеріске ұшыраған. Купюраларға негіз болған материал олардың көшірмесін жасауға мүмкіндік бермейді. Әрқайсысында қараңғыда жанатын сандар мен әріптер бар. Дизайнын вертикальды үлгіге өзгерту тансық шешім емес. Осыған дейін Канада мен Солтүстік Ирландияда 10 долларлық банкноттарда бейне тігінен кескінделген болатын. Сондай-ақ, дәстүрлі жасыл реңнің орнына көк және сұр түстер пайдалану ұсынылған. Дизайнер АҚШ тарихында маңызды рөл атқарған тұлғалар портреттерін салған. Мысалы, 100 долларлық купюрада елдің негізін қалаған Бенджамин Франклин, 50 долларда АҚШ-тың 18-ші президенті Улисс Грант, 20 долларда Джон Ф. Кеннеди, 10 долларда Томас Джефферсон, 5 долларда Авраам Линкольн, 1 долларда Джордж Вашингтон бейнеленген.