Алып күш иелері жөнінен алғанда иықпен ұшақ сүйреу таңдай қақтырарлық іс болмағанымен, тіспен 50 тонналық ұшақты сүйреу күш егейлерінің қолынан келе бермейді. Будапешт халықаралық әуежайында Венгриялық азамат 50 тонналық ұшақты тіспен сүйреу сынағын жасап, әрі, оны табысты аяқтады.
«Балуан тіс» азамат Жолт Синка 52 секунд ішінде 180 жолаушы отыруға болатын ұшақты 39,2 метір жерге сүйреген.
Синка арқанның бір ұшын ұшақ алдыңғы доңғалағының блогына байлап, келесі бір ұшын тісімен тістеп сүйреумен бірге, жылдамдығын да тездеткен.
Куәландыру қызметкерлерді Жолт Синканың жаратқан бұл түрдегі рекордын мойындаған. 32 жастағы күш егейі 3 жылдан бері осы спорт түрімен үзбей шұғылданып келеді екен. Ол осыдан бұрын қоғамдық автобус, поезд сынды қатынас құралдарын сүйреп 31 рет рекорд жаратқан екен.
Жолт Синка құрлықтық қатынас құралдарына қанағаттанбай, жаңа сайыс ашқанын айтып отыр.
Венгр азаматы тілшіге 20 жылдың алдында тағы бір венгр азаматының 33 тонналық ұшақты сүйрегендігін, бірақ тіспен ұшақ сүйреудің тұңғыш рет болғандығын айтқан.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: tengrinews.kz