Мамандардың айтуынша егер Жер шары мен күннің аралығы тағы да 1% жақындай түссе жершары мәңгілік «отқа оранған тауға» айналады екен. Ал, тағы да 3% алыстай түссе, онда Жер шары мәңгілік тіршіліксіз Марысқа айналады екен. Қазіргі ара қашықтығы қара қылды қақ жарғандай өте үйлесімді қашықтық екені белгілі болған. Табиғаттағы осы ара қашықтық адамдар арасына да үйлеседі. Ұлы, биік таудың қасына келсең оның ұлылығын сезінуің екіталай, ал алыстан қарасаң еңселі, биік екенін көресің. Үлкен адамдардың да тұлғасы, болмысы сол сияқты. Оның қасына келіп, жанында жүру маңызды емес, тек оның ұлылығын сыйлап, қадір тұту жеткілікті.
Сурет: nipic.com