Италия елінің кино шеберлері тамаша қысқаметражды фильм түсірді. Фильм көрінісі барлығымызға таныс. Жас жігіт пен қыз бір жарым ай бойы бір вагонда, бір орынға отырып, өз жерлеріне барады. Олар бір-біріне қатты үйренісіп кеткені соншалық келмеген жағдайда іздейтін дәрежеге жетеді. Әрине, бұдан кейін көрініс жаңаша бағытқа өзгеруі тиіс болады. Олар, әлбетте, бір-бірін қатты ұнатады, алайда екеуінің арасында белгісіз бір кедергі бар секілді. Махаббат хикаясы қалай аяқталғанын бірге тамашалайық.