Үндістанның Триссур қаласында аласұрған піл фестиваль кезінде ойран салды. Қатты шыққан дыбыстар мен ыстық ауа райы жануарды есінен адастырғандай. Пілдің қожайыны оны ұстап тұра алмады.
Піл тұрақта тұрған автомобильге барып, аударып тастады. Содан кейін ол бірнеше мотоциклді қиратты. Адамдар аласұрған жануардан алшақтап, қаша жөнелген, сол себепті де ешкім зардап шеккен жоқ. Есінен адасқан піл бір мезетте сол әрекетін тоқтатып, қожайынына барған.
Дереккөз: tengrinews.kz