- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Тыйым салынған әдеттер...
Тыйым салынған әдеттер
"Заманына қарай адамы" демекші, әр заманның өзіндік салт-дәстүрі, ережелері бар. Бүгінде олар біздер үшін қарапайым дүние болып көрінгенімен, біздің ата-әжелеріміз, олардың ата-әжелері үшін қол жетпес нәрсе болған. Мәселен, төмендегі әрекеттер бұрынғы кезде ұятты қылық саналатын еді:
1. ХІХ ғасырдың кештерінде бір жігіттің қызды 3 реттен артық биге шақыруы әдепсіздік саналған. Ер азамат екінші биден кейін үйлену туралы ұсыныс жасауға міндетті еді.
2. Америка Құрама Штаттарында тұратын әйелдер әлі күнге дейін адамдардың көзінше сәнденбейді. Бұл ел-жұрт көзінше айнаға қарау секілді ұятты қылық болады.
3. Бір замандары қолғаптар үй аксессуары ретінде қызмет еткен. Олардың спортқа, балға, аңшылыққа арналған түр-түрі болса да, үйде ғана киіп жүруге рұқсат етілетін. Көпшілік ортада киіп жүру – мәдениетсіздіктің белгісі болған деседі.
4. ХХ ғасырдың 20 жылдары ресейлік мектептерле сауатты жазу – көргенсіздік болды. Сауаттылық үшін шағым жазып жіберуге рұқсат берілетін еді.
5. Ұлыбританияда адамдардың көзінше тоқу әдепсіздікке жатады. Әрине, тоқыма және оның тарихы туралы әңгімелер айтуға болады. Айтпақшы, соңғы кездері Британияда ер азаматтар да тоқыма өнеріне қызығушылық танытып жүр. Тоқыма футбол мен саясаттан кейін ең көп талқыланатын тақырыпқа айналып үлгерді.
6. Болгарияда ұзақ уақыт бойы күніне жарты литр шарап ішпеген еркекке дұрыс көзқарас танытылмайтын. Елде шарап тиын тұратындықтан, оны ішпеген адамдар қонақжайлықтан жұрдай саналады.
7. Жапондық шәй ішу рәсімі барысында аяқты айқастырып отыру – әдепсіздіктің белгісі. Аяқты созып отыру да – дөрекілік. Сондықтан, қатысушылар өз өкшелерінің үстіне отырады.
8. ХІХ-ХХ ғасырдарда Ресейде саяжайда артық 10-12 соттық жер болуы керек болатын.
9. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын адамдарға, әсіресе, әйел баласына бастан-аяқ қарауға тыйым салынатын еді.
10. Таиландта сөйлесушінің басынан ұстап, иығынан қағу – нағыз көргенсіздік деп танылды. Бұл тыйым әлі күнге дейін қолданыста келеді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com