Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде суасты жанартауының атқылауы салдарынан жаңа арал пайда болды. Ол Тонга корольдігінің астанасы Нукуалофа қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан деп жазады BBC News.
Аралдың ұзындығы – 1,8, ені 1,2 шақырымды құрайды. Дегенмен, ғалымдардың пікірінше, аралдың болашағы жоқ. Өйткені оның құрамы әлсіз минералдар мен шлактардан тұрады. Ауа райының тұрақсыздығынан арал үгітіліп, мұхит астына шөгіп кетеді дейді зерттеушілер.
Дереккөз: baq.kz
Сурет: mk.ru