Түрлі елдердегі көршілік дәстүр

Түрлі елдердегі көршілік дәстүр

Бұрындары біз есікті құлыптамай өмір сүріп келдік. Көршілердің бәрін танып, олардың көбісімен жақсы қарым-қатынаста болдық. Қазір, әрине, заман өзгерді – үлкен қала тұрғындары тіпті қарсы пәтерде тұрып жатқан көршілерінің түрін де білмейді. 

 Шай ішу

Түркия елінде «Ev alma, komşu al» деген мәтел бар. Қазақ тіліне оны "Үй таңдама, көрші таңда" деп аударуға болады. Осы мәтелден-ақ түрік халқының көршіге деген құрметі байқалады: жаныңда тұратын адамдармен жай тілдесіп қана қоймай, жақсы дос болу қажет, әйтпесе, басқа жерге қоныс аударуға тура келеді. Бұрын, көшеге жаңа көршілер көшіп келген кездері, оларды бүкіл аула тұрғындары қарсы алатын болған: әйелдер шай дайындаса, ер кісілер жиһаздарды көтеріскен – осылайша көршілермен шай ішу дәстүрі қалыптасты.

Бүгін, шындығына келгенде, бұл дәстүр тек үйханымдары арасында ғана сақталған.

 Hello and Welcome!

Америкалық киноларда көршілер қолдарына кішкене торт ұстап алып, жаңадан көшіп келген жанұяларға "Сәлеметсіздер ме... қоныс құтты болсын... енді араласып тұрайық" деген сылтаумен жиі қонақтап тұрады. Бұл дәстүрдің бастауы Алғыс айту мерекесінен басталады. Ал бүгінде бұл тек отбасылық мереке ғана болса, кезінде көше тұрғындары көршілеріне қонаққа барып, оларды мерекелік тортпен риза қылатын. Айта кетсек, қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, америкалықтардың көбісі көршілерімен жақсы қарым-қатынаста екен: жақында жүргізілген социологиялық сауалнамаға сәйкес, АҚШ азаматтарының 76 пайызы өз көршілеріне сенеді-міс,  44 пайызы – тығыз байланыста екен.

Гири

Жапония – ежелгі қауымдық мемлекет. Жапондықтар ежелден бері топ-топ болып, бірігіп өмір сүрген. Топтың әр мүшесі қалғандарына жауапты болған (мұндай тәртіп өнімді сәтті егіп, оны өсіруге мүмкіндік берген). Осы бір топтық қоғамдық санадан еуропалықтардың түсінуі қиынға соғатын "гири" яғни қоғам мен отбасы алдындағы борыш пайда болды. 

Бүгінгі Жапонияда гири дәстүрі аздап қана байқалады, дегенмен жаңа жылдық мерекелер кезінде өзін сыйлайтын Күншығыс елінің әрбір азаматы үйінің алдына көршілерге арналған ашық хат қояды екен. Хатта: «Осы жылы маған деген жақсы қарым-қатынасыңызға алғысымды білдіремін. Жаңа жылда да қолғабыс көрсетерсіз деп үміттенемін» деген сөздер болады.

Хашар


Өзбек пен тәжіктер көшпенді халық болғанымен, өте тату ел және көршілік қарым-қатынасқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Көрші басына ауыр күн туса, көмек көрсетуге тек туған-туыстары ғана емес, сонымен қатар, көршілері де келеді. Көршілер арасында болатын өзара жәрдем Өзбекстан елінде "хашар" деп аталады (араб тілінен "ортақ еңбек, қайырымдылық" дегенді білдіреді), яғни ақшалай, заттай немесе еңбекпен жасалатын көмек.

Ж. FM