Түркияның оңтүстік-шығысында теракт болды, - деп жазады Reuters. Жарылыстың себебінен екі әскери қызметкер қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Билік өкілдерінің айтуынша, оқиға Түркиядағы Диярбақыр елдімекенінде болған. Ауыл маңындағы жолда тұрған жеңіл көлік әскери конвой жақындағанда жарылған. Айта кетелік, Диярбақырда өмір сүретін халықтың басым бөлігі – күрдтер.
Шенеуніктердің айтуынша, терактты Күрдістанның жұмысшылар паритиясы ұйымдастырған.