Табиғаттың тосын да тылсым құбылыстарының бірі – тұман. Егер дұрыстап зер салсаңыз, тұманның өзінен де сұлулықты көруге болады. Бұл да өзінше жұмбақ әлем сынды. Әдетте өлкені тұман басса, сол өлке (қала немесе аудан) жұмбақ күйге түседі. Тұманның теңіз деңгейінен ең көп биіктікке көтерілуі Атлант мұхитындағы Ньюфаундленд аралында орын алады.
Осы бір табиғаттың тылсым құбылыстарына зер сала отырайық:
1. Гонконг қаласындағы қалың тұман. 20 наурыз, 2017 жыл.
2. Тұман басқан шақта Будапешт қалалық саябағы жұмбақ күйге түсті. 3 ақпан, 2017 жыл.
Сонымен қатар жасанды тұмандар да болады. Оларды көп жағдайда ғылыми зерттеу барысында, химиялық кәсіпорындарда, зиянды өсімдіктермен күрес үшін және басқа да жағдайларда қолданады.
3. Аттар және қалың тұман оңтүстік-батыс Лондонның Суррей аймағында. 23 қаңтар, 2017 жыл.
4. Тұман қоғамдық көліктердің барлығына дерлік кедергі келтіреді, әсіресе ұшаққа. 7 қаңтар, 2017 жыл.
Тылсым құбылыс бірнеше сағаттап, кейде тіпті тәулік бойына кетпей тұрып алатын жағдайлар жиі болады. Әсіресе, жылдың суық уақытында.
5. Лондондағы шағала мен тұман. Ұлыбритания, 23 қаңтар, 2017 жыл.
6. Ия, бұл тағы да Лондон қаласы.
7. Мәскеудің шетіндегі аяз да тұманды таң. 7 ақпан, 2017 жыл.
8. Германияның оңтүстігін тұмшалаған тұман. 3 қаңтар, 2017 жыл.
9. Эйфель мұнарасы тұманды күндері ертегідегідей әсер қалдырады. 24 қаңтар, 2017 жыл.
10. Тағы да тұманды Париж... 31 қаңтар, 2017 жыл.
11. Эдинбургтегі сұлулық. Шотландия, 21 қаңтар, 2017 жыл.