Қыстың аязын жақсы білетін Тара Смит (Tara Smith-Atkins) есімді канадалық әйел өзінің 8 жастағы қызының туған күнін ерекше әдіспен атап өткізді. Ол қызының құрбы-құрдастарын далаға шығарып, көшедегі бағаналарға өздерінің ескі күртешелерін ілгізді. Тараның айтуынша, балалар қыстың аязы ең бірінші кімдерге барып тиетінін жақсы түсінді дейді. Оның сөзінше, бұл алдағы уақытта балалардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізеді екен.
Тара: "Осы іс-шара арқылы біз бір жағынан үй-күйі жоқ жандарға көмектескіміз келді, − деді CBC телеарнасына берген сұхбатында.