Туған күніңмен, "Мәңгілік қала"!

Бүгін – Рим қаласының іргетасы қаланған күн. Қаншама ғасырдан бері жасап келе жатқан қаланың туған күні қайдан белгілі болды деуіңіз де мүмкін. Ал италиялықтар ештеңеге қарамастан, 21 сәуірді Ромулдың (Ромул мен Рем - аңызға айналған ағайынды Римнің негізін қалаушылар) Рим қаласының негізін қалаған күні ретінде атап өтеді. Атақты тарихшы Марк Теренций Варронның жазбаларына сүйене отырып, осындай тоқтам жасалған. Римнің туған күнінде қаланың қақпасы Рим тұрғындарымен қатар, бүкіл әлемнің бар түкпірінен жиналатын сан мыңдаған турист үшін нышанды түрде ашылады. 2004 жылдан бастап «Рим құдайы» конкурсы өткізіледі. Оған Италияда тұратын немесе кезінде Рим империясының бір бөлігі болған елде тұратын 18 бен 30 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Жеңімпаз сыйлық ретінде римдіктердің дәстүрлі киімін киген италиялықтар мен шетелдіктер қатысатын дәстүрлі тарихи кортеждің басында жүру мүмкіндігіне ие болады. Барлық іс-шара дәстүрлі Рим музыкасы және Италия асханасымен үйлесім тауып отырады.

Осынау ғажайып қаланың туған күні қарсаңында сіз білмейтін қызықты деректер топтамасын жасап көрдік:

Үш мың жылдық бай тарихы бар Римді "Мәңгілік қала" деп атау дәстүрі қалыптастып келеді. Оның құрылу уақыты б.з.д. 625 жылға сай келгенімен, біздің ғаламшарымыздағы ең ескі қала ретінде заманауи Ливанның аймағындағы Библос қаласы танылған. Бұл қала туралы деректер б.з.д. бесінші мыңжылдықта-ақ кездесе бастаған.

Лингвистер қауымы "Рим" сөзі этрусктер тіліндегі "rhome" сөзінен шыққан деп есептейді. Біздің тілімізге аударғандағы мағынасы "күш" немесе "өзен" екен. Екінші бір деректерде қала атауы "желін" дегенді білдіретін "rum" сөзінен пайда болған деген тұжырым айтылады. Бұл қала негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраған қаншықтың желініне байланысты. Үшінші бір нұсқада Рим Эней атты мифтік патшаның Рома деген қызының құрметіне қойылған деп айтылады.

Ежелгі Римде әйелдер санаулы болғандықтан, Ромулдың адамдары жақын маңдағы италиялық сабин тайпасынан қыздарды ұрлайтын болған. Олардың ең сұлулары атағы жоғары сенаторларға берілген.

Рим – өз аймағында тәуелсіз мемлекеті бар жалғыз қала. Бұл – өзіңіз білетіндей әлемдегі ең кішкентай мемлекет атанған Ватикан.

"Капучино" кофесі "cappucio" деп аталатын капюшондар киіп жүретін италиялық монахтардың құрметіне аталған.

ХІХ ғасырда Лондон қаласының тұрғындары миллионнан асқанға дейін, Рим Еуропадағы халқы ең көп қала болған.

Әлемдегі ең алғашқы сауда үйі Римде Траян императордың бастамасымен ашылған. Үйдің бірнеше деңгейі болды және тамақ пен дәмдеуіштен бастап, киімге дейін сататын 150-ден астам бөлімі бар еді.

Рим өнерінде жыланның алатын орны ерекше, әшекей бұйым жасайтын зергерлер бұл бейне отбасына махаббат пен береке әкеледі деп сенген.

Тога – римдіктердің әмбебап киімі саналады. Оны Римнің тек қана тәуелсіз адамдары киген. Алайда, тағдыр тәлкегімен, римдік жезөкшелер де осы киіммен жүруге мәжбүр болды. Себебі, римнің қарапайым әйелдері киетін столаны жезөкшелерге киюге болмайтын.

Әлемнің жеті кереметі қатарындағы Италия мақтанышы, дүниежүзіндегі ең үлкен амфитеатр саналатын Колизей алғашқыда «Флавия Амфитеатры» деп аталған екен. Флавей әулетінің көсемі, император Веспасиан бұйрығымен Колизей театрының құрылысы басталған болатын. Өкінішке орай, император Веспасиан театр құрылысының аяқталып, ашылу салтанатын көре алмай кетті. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, театр ашылу салтанатын атап өту 100 күнге созылды. Оның ресми ашылуында 5 мың жануар өлтірілген екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осыған дейін Колизей алаңында 500 мың адам, миллионнан астам хайуан өлтірілген. Колизей 12 жыл бойы соғылған. Қойылымға келген 70 мың адамның шығуына үш минуттың өзі жеткілікті екен.

Римдіктер үшін әжетхана – ішкі сырлар мен саяси әңгімелер айтылатын орын болған. Әжетханаға бір мезгілде 50 адам сыйып кете алады екен. Әжетханаларды жыныстарға бөлу үшін дельфиндердің суреті қойылған, орталығына фонтан орнатылып, музыканттар ән салған. Осы жерге жиналғандар қаладағы соңғы жаңалықтарды біліп кете алады екен. 

Ежелгі Рим халқы гладиаторлар айқасындағы қанды көріністерді тамашалауды ғана емес, қарапайым театралды қойылымдардағы өлімдерді тамашалауды жақсы көрген. Егер, қойылымдағы актердің бірі өлу керек болса, өлім жазасына кесілген қылмыскерлері оны ауыстырып, сахна ортасында өлтірілген.

Бір кездері Рим дүкендеріне кіру ақылы болған. Бұл ереже баяғыда-ақ жойылғанымен, әлі күнге дейін кейбір дүкендерде "кіру тегін" деген жазу қойылады екен.

Ежелгі Римде науқас ота кезінде қайтыс болса, дәрігердің қолы кесілген.

Ең алғашқы бұқаралық ақпарат құралын ойлап тапқан Гай Юлий Цезарь саналады. Ол өз елшілігінде Рим халқының хабаршысын шығарған. Бұл – тарихтағы ең алғашқы газет.

Бүгінде Италия астанасы Рим қаласында 60 миллионнан астам халық бар.

Төменде заманауи Римге виртуалды саяхат:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mCfJ1giLPoo","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com