- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Трамп: "Әділдік болса,...
Трамп: "Әділдік болса, Нобель сыйлығын әлдеқашан алған болар ем..."
АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясы кезінде тілшілер сұрағына жауап берді. Әсіресе, Нобель сыйлығы жайында сұрағанда, көңілі бір құлазығандай болды.
"Әділдік болса, Нобель сыйлығын осыған дейін жасаған еңбегіме қарап әлдеқашан алған болар ем. Бірақ олар бұлай жасаған жоқ", - деп жауап қайырды президент.
Сондай-ақ АҚШ басшысы 2009 жылы осы марапатты алған Барак Обаманы да сөзімен бір түйреді. "Ол не үшін алғанын өзі де білмейді" - деп қағыта кетті.
АҚШ-тың 44-ші президенті болған Барак Обама Нобель сыйлығын "ұлттар мен нәсілдер арасында халықаралық ынтымақтастық орнатып, ядролық қаруды қысқартуға үндеу арқылы бейбітшілікті сақтауға қосқан сүбелі үлесі үшін" алған болатын.
Осыған дейін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынған еді. Ең қызығы, "Токио Трампты ұсынсын" деген бейресми өтінішті Америка билігінің өзі жасаған деген де қауесет бар.
2019 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 7-14 қазан аралығында белгілі болады.
Н. Үсенова