Бүгін төрт жылда бір келетін – 29 ақпан. Григориан күнтізбесінде жылдың 60-күні. Кібісе күн деп те аталады. Бұл күн туралы қандай қызықты деректер бар екен?
"29 ақпан" біздің дәуірімізге дейін 45 жыл бұрын пайда болған. Рим императоры Юлий Цезарь жылдың 365 күннен емес, 365 ширегімен екенін білгенде, әр төрт жыл сайын ақпан айына 1 күн қосуды ұсынған екен.
Әлем бойынша 4 миллион адам бүгін туған күнін тойлайды екен. Бұл жер тұрғындарының 0,06%-ы ғана.
1500 баланың біреуі ғана 29 ақпанда дүниеге келуі мүмкін. New York Daily News газетінде екі келіншектің үш кібісе жылының 29 ақпанында 3 нәрестені дүниеге әкелген. Норвергиялық Хенриксендер жанұясында 1960, 1964 және 1968 жылдары 29 ақпанда нәрестелі болған. Ал Юта штатында Эстес отбасы да осы рекордты қайталаған: балалары 2004, 2008 және 2012 жылы туған.
Тасманияның сегізінші премьер-министрі Джеймс Милн Уилсон 29 ақпанда туып, 1800 жылы 29 ақпанда қайтыс болған.
29 ақпанда дүниеге келген адамдар таңдаулы, ерекше қабілетті, талантты болады. Астрологтар өміріңізде осы күні дүниеге келген досыңыз болса, оның сізбен жолығуы тегін емес деп ескертеді: олар маңызды ақпаратқа ие.
Финляндия, Ирландия және Шотландияда ертеректе мынадай дәстүр болған: 29 ақпан күні әйел адам сүйгеніне ұсыныс жасай алады. Егер ер адам ұсынысты қабыл алмаса, қомақты айыппұл төлеу міндеттелген.