Тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр

Тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр
Фото: boredpanda.com

48 жастағы Чэн Хинюньнің (Chen Xinyin) тағдыры өте қиын. Ол 7 жасында екі қолынан айырылған. Чэн әкесі 20 жасында дүние салған соң, ауру анасымен жалғыз қалады. Уақыт өткен сайын анасының денсаулығы нашарлай түседі. Әлдебіреулер Чэнге: "Қайыршылықпен айналыс" деген сияқты кеңес бергенде, ол: "Екі қолым болмағанымен, екі аяғым бар. Олай ақша табуға ешқандай ниетім жоқ", – деп кесіп айтады. 

Чэн екі қолынан айырылған соң, тамақ пісіруді, егін егуді, себет тоқуды үйренеді. 2014 жылдан бастап Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин резиденциясында тұратын ол өзінің 91 жастағы анасын толығымен қамқорлыққа алады. Тіпті анасын қасықпен тамақтандыратын күйге жетеді.

Қыс мезгілі – Чэннің ең бір қатты қиналатын шағы, себебі жұмысының көп бөлігін аяғымен істеуге мәжбүр болғандықтан, аяғы жиі тоңып қалады екен.

 
Н. Нұрмаханұлы