Анна Клинге Ұлыбритания елінің Britain’s Got Talent шоуына өз өнерін көрсету үшін сонау Германиядан ат терлетіп келіпті. 43 жастағы өнер азаматы залда отырған бүкіл көрерменді ерекше креативтілігімен таңғалдыра білді. Анна − кәсіби қуыршақ ойнатушы әртіс. Ол сахнада екі ғашықтың оқиғасын баяндап, жұрттың ықласына бөленді.