- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Табиғаттың атаулы күндері...
Табиғаттың атаулы күндері
Жаратылыстың адамзаттан бөлек тағы да бір ерекше түрі – жануарлар. Адам баласы оларды қорғау үшін неше түрлі қорықтар ашып, сиреп бара жатқанын "Қызыл кітапқа" енгізіп, игі істер жасап жүр. Тағы бір мақтап айтарлық жайт, жануарлардың кей түріне арнап күн белгілеген екен. Олай болса, қандай жануарлар осы құрметке ие болғанын оқып көрейік.
11 қаңтар – Халықаралық иттер күні
Бұл атаулы күн әлем жұртшылығына танымал жапондық Хатикомен тікелей байланысты. Иттердің иесіне адал болатынын дәлелдеп жүргені үшін адамдар осы күні Халықаралық иттер күні деп белгілеген екен.
21 қаңтар – Халықаралық тиіндерді қорғау күні
1 ақпан – Суыр күні
Бұл мереке Нью-Йорк және Пенсильвания қалаларында 1 ақпанда аталып өткен. Егер дәл осы күні суыр інінен шығып, оның көлеңкесі көрінбейтін болса, онда күн жылынады деген сенім болған. Ал өз көлеңкесін көріп, ініне қайта кіріп кетсе, алты апта бойында күн суық болады.
14 ақпан – өзен-суларды қорғау күні
19 ақпанда әлем халықтары Халықаралық киттер күнін атап өтеді екен. 1986 жылдан бастап аталатын мереке 200 жыл бойы кит аулау ісіне тыйым салудан кейін жалғасып келеді. Әлемдік кит аулауға қарсы комиссия әлі де қызметін жасап келеді. Олардың басты нысаны кит аулауға және оларды саудалауға заңды түрде тыйым салу.
22 ақпан – Халықаралық мысық күні
Бұл мереке негізінен Жапонияда тойланады. Мысық жапондықтардың ойынша «ни-ни» деп мияулайды екен де, олардың тілі бойынша «екі-екі» деген сөзге ұқсас болғандықтан, осы уақыт таңдалған. Токиода мысықтарды жерлейтін арнайы орталық бар. Онда адамдар өлген мысығының мүсінін салғызып, суретін іледі.
22 наурыз – Су күні.
30 наурыз – Гүлдер күні
1 сәуір – халықаралық құстардың күні
1 сәуір тек күлкі күні емес, сонымен қатар, құстарды қорғау күні. Дәл осы күні 1926 жылы құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияға қол қойылған. Осы күні халықтар құстарға ұя жасап, ағашқа іледі.
4 сәуір – Халықаралық тышқандар күні
Бұл мереке 2002 жылдан бастап аталып өтеді. Басты мақсат адамдардың тышқан туралы жалған стереотиптерін бұзу және осы бір жануарға қызықтыру.
1 мамыр – інжугүл күні (Франция)
25 мамыр – Халықаралық Нерпа (итбалық тұқымдас сүтқоректі жануар) күні
Шілде айының бірінші аптасы – құрықталған дельфиндердің Халықаралық күні
2 тамыз – Бұғы күні
21 қыркүйек – «Үйі жоқ» үй жануарларының Халықаралық күні
21 қыркүйек – Жарғанаттардың Халықаралық күні
22 қыркүйек – Халықаралық пілдерді қорғау күні
27 қыркүйек – Қояндардың халықаралық күні
2 қазан – Ауылшаруашылығындағы түлік малдарының Халықаралық күні
2 қазан – Жануарлардың Халықаралық күні.
Дәл осы күні 1226 жылы аң-құстардың қамын ойлаған, құқығын қорғау ісіне көңіл бөлген Франциск Ассизский қайтыс болыпты. Ал Жануарлардың Халықаралық күні 1931 жылы Флоренцияда бекітілген.
25 қазан – Зағип жандарға жол көрсететін иттердің Халықаралық күні.
1 қараша – Халықаралық түлкі күні
10 желтоқсан – жануарлар құқығын қорғау күні.
Г. Берік