- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Стамбул әуежайының қызметкері...
Стамбул әуежайының қызметкері ғимараттан 25 мың еуро тауып алды
Фото:
tn.kz
Стамбулдағы халықаралық әуежайдың еден тазалаушысы 24,5 мың еуро салынған сөмке тауып алып, оны иесіне қайтарды, – деп жазады РИА Новости.
Эмрах Эвренсель есімді қызметкер сөмкені VIP-бөлменің дәретханасынан тауып алған. "Ақшаны алып қалсам ба деген де ой болды. Біраз ойландым да, дұрыс жолды таңдадым", – деді Эмрах.
Құрамына Стамбул әуежайы кіретін TAV холдингінің бас менеджері Кемаль Унлю Эмрахқа алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Айта кетелік, еден тазалаушы жұмысы үшін айына 350 доллар алады екен.
М. Бисембаева