SOS: Альпі мұздықтары көлге айналып жатыр

SOS: Альпі мұздықтары көлге айналып жатыр
Фото: imgur.com

Швейцарлық Альпі тауларының суретті ландшафты ауа климатының өзгеруіне байланысты күн өткен сайын өзгеріп бара жатыр. Мұздықтардың еруінен 1000-нан астам көл пайда болған. Бұл өткен дүйсенбі күнгі көрсеткіш. Швейцарлық мұзды көлдерді кезекті тіркеу кезінде Кіші мұз дәуірінен 1850 жылға дейін 1200 көл есепке алынған.

Швейцарлық су ғылымы және технологиясы институтының зерттеуі бойынша көлдердің шамамен 1000-ы қазіргі күнге дейін сақталған. Бұл зерттеушілер болжаған көрсеткіштен әлдеқайда көп. Зерттеу меңгерушісі Дэниел Одерматтың айтуы бойынша, зерттеушілер сандарды көріп таңғалған. "Кейінгі 10 жыл ішінде жаңа 80 көл тіркелген" дейді. 

Жыл сайынғы зерттеуде Швейцарлық Альпі мұздықтары 2 пайызға азайып бара жатыр. Ғылыми академия осындай дабыл қағып отыр. 

2015 жылы ғаламдық жылынуды Цельсий бағамы бойынша 2 градусқа төмендету туралы Париж келісімі бекітілген шарттарды адамзат толық орындағанның өзінде екі ірі Альпі мұздығы ериді дейді Цюрих ғылыми жаратылыстану-технология универтитетінің 2019 жылғы зерттеуінде.

Швейцарлық Альпі тауларының төңірегінде 1946-1973 жылдар аралығында жылына тек 8 жаңа көл пайда болған екен. 2006-2016 жылдары жылына – 18 жаңа көл.

Зерттеушілер 1850-2016 жылдар аралығында пайда болған 1200 көлдің орналасқан орнын, биіктігін, тереңдігін, көлемі мен мөлшерін әр уақытта зерттеп әр жылмен салыстырып отырған. Әрқайсына тоған дайындаған. 

Мұндай зерттеу төтенше жағдай кезінде бөгет-тоғандардың шыдамдылығын, беріктігін тексеріп тұруға септігін тигізеді. 

Г. Берік