Соңғы онжылдықтағы ең қымбат кештер

Соңғы онжылдықтағы ең қымбат кештер

Қазекеңнің құлағына жат емес "отыз күн ойын, қырыз күн той" деген тіркес бүгінгі жазбамызға тура келетін секілді. Көз жүгіртіп көріңізші. Назарыңызға соңғы онжылдықтағы ең дүбірлі, ең қымбат, ең шулы думандар мен көңілді кештердің тізімін ұсынып көрмекпіз.

Наоми Кэмпбелдің 36 жасқа толу кеші


Жылы: 2006

Шығын: 1,8 млн$

2006 жылы ақсүйектер арасында Наоми Кэмпбелдің 36 жастық мерейтойы туралы өсек ұзақ уақыт бойы толастамады. "Қара қабылан" Дубайдағы жеті жұлдызды Бурдж аль Араб желкенді қонақ үйінің он сегізінші қабатына өз қонақтарын жинады. Сауық кеші үш күнге созылды. Үш күн әртүрлі тақырыпқа ие болып ("Хип-хоп", "Бәрі ақ киімде", "Бразилиялық самба"), арнайы киімдерді талап етті. Жиынға модельдің подиумдағы Линда Евангелиста, Ева Герцигова сынды әріптестері мен жігіті мультимиллионер Бадр Джафар қатысты.

Андрей Мельниченконың әйелінің 30 жасы


Жыл:2007

Шыңын: 2,3 млн$

Әлемге танымал миллиардер Андрей Мельниченко әйелі Александраның 30 жасқа толған туған күнінде ерекше тосын сый жасады. Туған күн кешіне Дженифер Лопес 40 минут бойы ән шырқаған. Сондай-ақ бұл жерде Кристина Агилера, Уитни Хьюстон және Хулио Иглесиас өнер көрсеткен екен. Алпыс қана қонақ жиналған сауық кеші Англиядағы Хейрвуд Хауз аймағында өтті. Мельниченко 2005 жылы үйлену тойына 30 млн$ жұмсау арқылы баспасөзді дүрліктірген болатын.

Шон Коумздың 40 жас мерейтойы


Жылы: 2009

Шығын: 3 млн$

P. Diddy есімімен көпке танымал Шон Коумздың музыка саласындағы таланты мен жеткен жетістігін атап айтудың еш қажеті жоқ болар. Ол өзінің 40 жылдығын да атына лайықты етіп өткізді. Нью-Йорктағы "Плаза" қонақ үйіне өз әріптестерін жинаған жұлдыз қонақтарден тек қана қара-ақ түсті киім киюлерін сұраған. Дастарханға қойылған тағамдар да дәл осындай түстен болса, безендіру жұмыстарына орхидея пайдаланылған.

Atlantis The Palm қонақ үйінің ашылуы


Жыл: 2009

Шығын: 20 млн$

Араб Әмірлігінің тұрғындары жиі ұйымдастырылатын салтанатты іс-шараларға үйреніп қалғанымен, Atlantis The Palm қонақ үйінің ашылуы көпті селт еткізе алды. Пальма Джумейра жасанды аралында орналасқан қонақ үй алдына  Роберт Де Ниро және Дензел Вашингтон, Джанет Джексон, Лили Аллен, Ричард Брэнсон және Филип Грин сынды танымал адамдар ағылып келді. «Вдова Клико» шарабы өзен болып ағып жатса, даяшылар шығыстық тағамдарды үздіксіз тасумен болды. Сахнада 2млн.$-ға сатып алынған Кайли Миноуг өнер көрсетті. Кештің басты қызығы – аспанда тұтанған жүз мыңдаған түрлі-түсті от шашу еді. Мұны ұйымдастыруға 3 млн $ жұмсалыпты.

Тельман Исмаиловтың Mardan Palace атты қонақ үйінің ашылуы


Жылы: 2009

Шығыны: $35 млн

Тельман Исмаилов Түркиядан тұрғызған сәулетті қонақ үйінен ештеңені аямады. Қонақ үйді тұрғызуға кеткен жалпы қаржы 1,4 млрд. долларды құрайды. Ғимараттың ашылу салтанаты да елеусіз қалмады.  Думанға Шэрон Стоун, Ричард Гир, Том Джонс, Пэрис Хилтон және Моника Беллуччи сынды өнер жұлдыздары шақырылғандықтан, «Оскар» марапаттауынан кем болмады.

Бруней Хассанал Болкиахтың 50 жылдығы


Жылы: 1996

Шығын: 40 млн $

Бруней сұлтанның 50 жылдық мерекесі тек қана ең қымбат сауық емес, ең ұзақ уақытқа созылған тарихи оқиғалардың бірі болды. Сайран екі апта бойы үзілмеді. Осы уақытта туған күн иесі арнайы дайындалған шерулердің куәгері атанып, ханзада Чарльзбен ат үстінде, суда доп ойнаған. Ол өзінің резиденциясында 3000 адамға арнап дастархан жайды. Поп-музыка королі Майкл Джексон 16 млн. доллар өтемақыға өнер көрсетті. Осыншама күн ұйымдастырылған думанға кетен қаржы (40 млн. $) сұлтанның байлығының 0,1 пайызын ғана құрайды екен.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева