- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Шенжен – ит...
Шенжен – ит пен мысық жеуге тыйым салынған алғашқы Қытай қаласы
Фото:
www.focus.ua
Шенжен қаласында ит пен мысық етін саудалауға және жеуге ел басшылығы тарапынан ресми тыйым салынды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Жаңа заң мамыр айының бірінші күнінен бастап күшіне енеді. Қытай үкіметі мұндай шешімге коронавирус пандемиясының таралуы себебінен келген. Қазір әлемді шулатқан пандемия жабайы жануарлар мен құстар етін жегеннен пайда болды. COVID-19 вирусының ошағы болған Ухань қаласындағы жергілікті базарда экзотикалық жануарлар сатылған. Оның үстіне ешқандай санитарлық тәртіп сақталмаған.
Humane Society International (HSI) ұйымының хабарлауынша, бүкіл Азия бойынша жылына 30 миллион ит еті желінеді екен.
Т. Раушанұлы