Сунцзян (ҚХР) ауданы аумағында бұрынғы құрылыс карьерасында ерекше 5 жұлдызды қонақүй салынуда. Құны $525 млн тұратын жоба 2017 жылы аяқталады.
370 нөмірлік қонақүйдің екі су асты, 17 жер асты, екі жер үсті қабаты болады. Оның жер бетінен тереңдігі 80 метр, қонақүйдің атауы - The Quarry Hotel.
Құрылыс жүріп жатқан өңір сарқырама, дөң-белестерімен белгілі. Шатыры көгалдандырылып, күн энергиясын технологиялық пайдаланудың арқасында қонақүй әлемдегі ең жасыл қонақүй атауына үміткер бола алады.
Карьера биігінен 100 метрлік сарқырама ағып тұратын болады, бір сарқырама ғимараттың үстімен ағатын болады. Оған панорамалы лифт орнатылады.
Дереккөз: inform.kz