Оңтүстік Кореяда таң-тамаша қалдыратын тап-тамаша қонақүй салынып отыр.
Теңіз лайнерінің нақпа-нақ көшірмесі, яки үлгісі саналатын "Жайма шуақ теңіз саяхаты" қонақүй-аттракционы жағалау жартасының үстінде.
Аталған қонақүйдің көздеген бар мақсаты – теңіз саяхатынан қалыс қалған немесе жай ғана жаңалыққа құштар жандарды шақыру. Жоғарыда айтып кеткендей, теңіз лайнерінің таза көшірмесі. Ішіне ену үшін, біршама жоғары биіктікке көтерілуді талап етеді. Өз кезегінде биіктен қорқатын жандарды нағыз сезім сынағы күтіп тұр десек, өтірік емес.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iI1cSpbSISw","width":"450","height":"240"});
Қонақүй ішінде эконом-класстан люкске дейінгі аралықта 211 нөмір шоғырланған. Тұрғын үй бөлмелерінен басқа да, қонақтарға екі бірдей мейрамхана (батыс және кәріс асханасының дәм мәзірі), түнгі клуб, караоке, еліктеме теңіз (имитирующий), волейбол алаңы, фитнес-клуб, қонақүй төбесінен түнгі құбылыстың керемет көрсетілімі мен, және де, гольф алаңы ұсынылады.
Жұмбақ күй кешіп жатқан аралда өмір сүрудің аурасы заманауи аудиожүйе қондырғыларымен жабдықталған. Мұндай келген саяхатшылар "палубада" тұрып шағала дауысы мен толқынның дегбірсіз тынысын есіте алмақ.
Қонақүйдің құрылысы алыс 2002 жылдан бастау алған. Үлкен қажыр мен үлкен еңбек нәтижесі. Бір түнге қалу құны 80 мың оңтүстіккореялық воннан (71$) басталады.
* * * *
Қалтаңыз қалың болса, барар ма едіңіз?
сурет:luxlux.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек