Танымал суретші Пабло Пикассоның "Алжир әйелдері (O нұсқасы)" (Les femmes d'Alger (Version "O") картинасы Нью-Йорктағы Christie’s бәссаудасында 179,365 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша картина сатылған ең қымбат туынды болып отыр.
"Алжир әйелдері (O версиясы)" картинасы 1955 жылы салынды. Туынды Пикассоның ең сәтті туындысы саналады. Жартылай абстрактілі, өте ашық картина шебердің кубизм стилімен айналысып жүрген кезінде салынған.